Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің күзгі жәрмеңкесі өтті

Бүгін облыс орталығында өткен жәрмеңкеге облыстың 17 ауданы мен 3 қаласынан және «Жетісу» ӘКК-нің жалпы салмағы 259,5 тоннаны құрайтын 50 түрлі ауылшаруашылық өнімдері жеткізіліп, нарықтағы бағасынан 15% төмен бағада сатылды.Жәрмеңкеге өнімдерін шығарған сатушылар мен келушілерге қойылған басты талап – санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы. Оның ішінде қорғаныш құралдарының болуы (бетперде тағу, қолғап кию, санитайзердің болуы, т.б.) және әлеуметтік ара-қашықтықтың сақталуы.

Осы күні жәрмеңкеде 41,7 тонна ет өнімдері, 21 тонна сүт өнімдері, 77,7 тонна көкөніс, 5,4 тонна балық өнімдері, 16,1 тонна жеміс-жидек, 33,5 тонна картоп, 69,3 тонна өзге де ауылшарушылық өнімдері сатылды.

Қала тұрғындарының айтуынша, маусымдық жәрмеңкелерді өткізу – жақсы үрдіс, әсіресе азық-түлік түрлерінің әр алуандығы және олардың төменгі бағада сатылып жатқандығы тұрғындардың көңілінен шықты. Жәрмеңкеге келген халық түске дейін таңдап жүріп, жәрмеңкеге шығарылған тауарлардың басым бөлігін сатып алды.

Сатушылар мен жәрмеңкеге келушілердің пікірін сұрастырған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы аудан, қала әкімдеріне алдағы уақытта бүгінгідей күзгі жәрмеңкені тағы да ұйымдастыруды тапсырды.

Шараның басты мақсаты – шаһар тұрғындарына табиғи әрі сапалы өнім түрлерін төмен бағада ұсыну және ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруаларды қолдау.

0
0
209

Осы тақырып бойынша

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің күзгі жәрмеңкесі өтті - Yvision.kz