Талов ауылының бағытындағы автомобиль жолының бір бөлігі бүлінгендігі жөнінде хабарлама түсуіне
«AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалына Талов ауылының бағытындағы автомобиль жолының бір бөлігі бүлінгендігі жөнінде хабарлама түсуіне «AMANAT» партиясының партиялық бақылау шаралары шеңберінде партия мүшелері, Жәнібек аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуаналиев және Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов осы жолдың мердігері «РСУ-1» ЖШС өкілімен кездесті. Қазіргі кезде бүлінген учаскелерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылып, жолдарды қыру және тегістеу, жолға цемент-қиыршық тасты қоспасын төсеу жүзеге асырылды. Бүгіңгі күнге жолдың 22 шақырым бөлігіне асфальт төсеу жұмыстары қалпына келтірілді. Өз кезегінде, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Біржан Қуаналиев және Тахир Кадимов мердігер өкіліне жөндеу жұмыстарының желілік кестесін қатан сақтау қажеттілігін көрсете отырып, жұмыстардың дер кезінде және сапалы атқарылуын басты назарда болуы тиіс деген сипатта ескерту жасады.
