Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

TALQYLAU сарапшылары «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі ұсыныстарды талқылады

📷📷

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабында TALQYLAU диалог алаңының кезекті отырысы өтіп, онда «Еңбек адамы: алғашқы жалақыдан зейнетақыға дейін» тақырыбында сараптамалық талқылау жүргізілді.

📷📷

Пікірталас аясында спикерлер еңбек нарығының ертеңін, өңірлерде кадр саясатына қатысты жүйелі жұмыс жүргізілмейтінін, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін және т. б. талқылады.

📷📷

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған жұмыссыздық мәселесін шешу, еңбек қауіпсіздігі және оның қорғалуы қағидаларын қатаңдату, «жұмыс істеп тұрған кедейлік» құбылысын жою және т. б. шараларды талдады.

📷📷

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Динара Сәдуақасова балалар мен жасөспірімдерді еңбекке баулу мәселесін қозғады. Оның айтуынша, сайлауалды уәделерді іске асыру аясында еліміздегі мектептер отбасылық құндылықтарды, еңбекқорлықты, білім алуға деген құштарлықты және патриотизмді қолдап, дамытады. Мектеп ұрпақ тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті бөлісіп, балаларымызды құрдастары мен ересектердің әлімжеттігінен қорғайды.

📷📷

Заңгер Әсет Дәуітов фракцияның болашақ шақырылым депутаттары қарастыратын еңбек заңнамасын жетілдіру мәселесі жөнінде өз ұсынысын білдірді.

📷📷

Еске сала кетейік, TALQYLAU алаңында азаматтарды толғандырған өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері тұрақты түрде кездесіп отырады. t.me/AMANATPartiyasy

0
0
159

Осы тақырып бойынша

TALQYLAU сарапшылары «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі ұсыныстарды талқылады - Yvision.kz