Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тегісшіл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша 5 маусымда республикалық референдум өткізуді ұсынды.Осыған сәйкес, «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанынан құрылған аудандық штаб мүшелері облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Елемесов және аудандық мәслихат депутаты Біржан Қуанәлиев Тегісшіл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде штаб мүшелері референдумның мемлекетіміз үшін өте үлкен маңызды іс екенін, сондықтан да Қазақстан халқы бұған белсене қатысуы қажет екендігін ерекше атап өтті. Жиын барысында кездесуге келгендер референдумға бір кісідей атсалысып, дауыс беретіндіктерін жеткізді. #referendumAMANAT

0
0
195

Осы тақырып бойынша

Тегісшіл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. - Yvision.kz