Tele 2: «Болашақта қазақ тілінде контентіміз көбейе түседі»

Қазақстанда бизнес жасап жүрген шетелдік мамандармен сұхбат құруды бұрыннан ойластырып жүргенмін. Достарыммен шағын бизнес бастап жатқан соң шетелдіктер тәжірибесі қызық. Әсіресе, үлкен компаниялардың ұзақ мерзімдік жоспарлары, бәсекелестермен қарым-қатынасы, маркейтинг тәсілдері т.с.с.
Tele 2 басшысымен кездесудің сәті түскен соң, Tele2 Қазақстан компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивиккодан "Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?" деп сұрадым. Себебі Tele2-нің маркетингтік қылықтары "тентек баланы" еске түсіреді.
Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?
- Нарықтағы басқа ойыншылар біз тәрізді бағаны төмендетуді көздейтін бәсекелестің келгеніне қуанбайтын шығар. Әрі сөзсіз біз нарықтағы бағаны түсіріп жатырмыз.
Қазақстанға барып жұмыс істейтініңізді білген кезде ең бірінші не туралы ойладыңыз?
Алғаш рет бұл жоба туралы естігенімде бұның ұзақ мерзімге созылатынын бірден білдім. Себебі жаңа телекоммуникациялық нарықты қалыптастыруға бірнеше жыл керек.
Негізгі тұтынушыңыздың келбетін сомдап беріңізші?
Біздің негізгі тұтынушымыздың жасы отыздан төмен. Ақылды адам. Ол көп ақша жұмсамай өзінің қалағанына қол жеткізетін жан.
Сіздердің бизнес стратегияларыңызда қазақ тілінің орны қандай?
Әрине біздер барлық мәліметтерді екі тілде бірдей ұсынамыз. Болашақта аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, қазақ тілінде контентіміз көбейе түседі деп ойлаймын.
Қазақстандағы жас кәсіпкерлерге қандай кеңес айтар едіңіз?
- Қазақстан көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
- Жоспарды алысқа бағдарлап құрудың маңызы жоғары. Қысқа мерзімде жеңіске жетемін деп үміттенудің қажеті жоқ.
- Бизнесті мықты, жақсы іргетастың негізінде қалау керек.
- Сабыр сақтау керек. Себебі кедергілер міндетті түрде кездеседі
p.s. Шетелдіктердің Қазақстанға келіп бизнес жүргізуден қорықпайтыны ойлантты. Ал сіз жеке бизнес жүргізу туралы ойланып көрдіңіз бе?
