Теректі ауданы тұрғындарымен «Диана» дүкенінде экспромт-кездесу өтті
Бүгін, ағымдағы жылдың 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына үміткерлер – С.В. Имашева мен А.М. Жамалов Теректі ауданы тұрғындарымен «Диана» дүкенінде экспромт-кездесу өткізді.
Тұрғындарды алдымен сайлауалды бағдарламаларымен таныстырған кандидаттар, кейін кездесуге келген тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында келіп түскен ұсыныс-талаптар алдағы уақытта тереңдетілген түрде қарастырылып, шешу жолдарын табуға кандидаттардың бақылауына алынды.
Еркін түрде өткен кездесу жылы лебіздермен қорытындыланып, алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырумен аяқталды.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
