Тірі сәби керексіз, болып жатыр...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий «Признание»
Бейнематриал авторлары – Первый канал Евразия
PhotoMarvel (Природа Казахстана)
Өңдегендер – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Кешіре гөр, о Жаратқан, біздерді,
Еш ойланбай, тірі жанды, өлтірген.
Жатырына, салып берген, өмірді,
Қыршын қылып сонда да, өкінбеген.
Қайран заман, құның түсіп барады,
Өлшенген соң бәріде, тек ақшамен.
Көрсеткен соң жарықты, бізге Алла,
Бір шешімге келейікші, салмақпен.
Сол жарықты, сәбиде, көрсе дейміз,
Неге зарлап кетеді, келмей жатып.
Кіп кішкентай жүректегі, жүрегіміз,
Құрбандыққа тастаймыз, қалай қиып.
Айтар еді, бізге сәби, осылай:
“Мен қазақпын, мен де сенің, қаның ғой,
Ерлігімді, намысыммен суарып,
Кетігіңе, мен де сенің жараймын ғой”
Қазағым-ай, дастарханын, мол жайған,
Намыс үшін, өзінде, құрбан қылған.
Көп балалы, ұрпақ сүйген, қазақтан,
Ағайындар, несі қалды, о жалған.
Ал дүниеге келсе де, қандай тағдыр,
Аяз-қарға ойланбай, тастап жатыр.
Ойға сыймас, қоқыстың арасында,
Тірі сәби керексіз, болып жатыр.
Бұл сорлының жылауға, күші де жоқ,
Ақырын ғана, әшейін ыңылдайды.
Ит күшігін, осылай тастамайды,
Тістеп алып, күшігін, ол қорғайды.
Сонда қалай, кем болдық па, хайуаннан,
Бұл өмірде, бізден биік, ол тұрған.
Кешіре гөр, біздерді, о Жаратқан,
Адам деген, атымызға, тұра алмаған.
