Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Торына түстім сезімнің «Аудио өлең, поэзия»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эрнесто Кортазар «Огонь и Лед»

Бейнематериал авторы – Айнур Ниязова

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

       

Торына түстім, сезімнің,

Ойланғым келмей, білсем де.

Жүрекке сүйген, не дерсің?

Көнбейді-ау, қой десем де.

 

Бір өзің мені, тірілткен,

Жылулық сыйлап, жүрекке.

Байқамай тағы, өлтірген,

Бір өзің, неге, керек пе?

 

Керек пе, айтшы осылай?

Уыстап беріп, бақытты.

Қалайша кеттің, бұрылмай?

Тоқтатып мәңгі, уақытты.

 

Барамын құлап, мен жардан,

Күш қуат кетіп, бойымнан.

Қалайша шығам, сығырдан?

Кетпесең мүлдем, ойымнан.

1
1
779

Осы тақырып бойынша

Торына түстім сезімнің «Аудио өлең, поэзия» - Yvision.kz