Тосумен болдым-ау жолыңды
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Тосумен болдым-ау жолыңды,
Баса алмай қинаған, сағымды.
Неліктен сынадың, бағымды?
Әттең-ай, өртедің жанымды.
Сен едің, мен үшін серігім,
Бар бақыт, тек саған тілегім.
Сүйемін, деп соғады жүрегім,
Әттең-ай, сен едің керегім.
Сенбеспін, енді мен басқаға,
Үреймен қараймын, жасқана.
Қалдың-ау сынап, тағыда,
Әттең-ай, басқа жағада.
