"Тойы көп үй"

Бұл қойылым еліміздің еңбек сіңірген әртісі, белгілі актер, театр және кино режиссері Мұрат АХМАНОВТЫҢ театрішіндегі шығармашылық апталығының аясында кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар, апталықты "Тойы көп үй" спектаклі ашқан болатын.

көпшілікке белгілі Б.Мұқайдың жақында ғана тұсауы кесілген «Тойы көп үй» пьесасы да М.Ахмановтың шеберлігін танытқан кезекті туындылардың бірі болды.

Көрерменді күлдіре отырып жылатқан бұл қойылымда қоғамдағы көптеген түйіткілдер көрсетіледі. Мұнда тағдыры қарама-қайшы кейіпкерлердің басы бір туындыда тоғысқанын көруге болады. бір сәбидің иісіне зар болып жүрген отбасы мен баласын көшеге тастаған ана, өз күйеуінен жерініп, өзгенің жарына ортақтасқысы келген келіншек, баласы бақпағандықтан жалғыз қалған кейуана және көшеде қалған қарттың тағдырларының тоғысы жан-жақты қарастырылған.

Бұл спектакль көрерменге үлкен ой салары анық. Шаңырағынан қонақ үзілмейтін Заңғардың отбасының аясында өрбитін оқиғалар желісі келген көрерменін бей жай қалдырмасы сөзсіз. Ендеше, театрға асығыңыз, ағайын!
Дайындаған: НАЗИРА БУРХАНОВА
Инстаграм: @burhanova.nazyra

