Туған жерім, туған елім, кең далам «Аудио өлең»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы - Н. Еспанов «Тағдыр жолы» орын. Айбек Бекбосын
Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – http://vk.com/public56982889
Туған жерім, туған елім, кең далам,
Әнге қосып, жырға қосып, мақтанам.
Аман болшы, құтты болсын, қадамың,
Пай, қасиетті жерлерім, ата – бабам.
Өсиет қылып, тастап кеткен, мол жерді,
Бағалаймыз, ұран қылып, тұтамыз.
О, қасиетті жер ана, жүрегіңді,
Мыңға бөлмей, біртұтаста ұстаймыз.
Жатқан жері бабамыздың, торқа болсын,
Ұрпағына риза болсын, жан үнін.
Естіп бізді, әрқашан руһ, қолдасын,
Біз жалғайық, егеменнің кірпішін.
Аман болсын, тұтас болсын, бар жерім,
Жыламасын, құл болмасын, мынау елім,
Бір өзіңде, өзіңменен жүрегім,
Ел болмаса, мынау өмірім, бес тиын.
