Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қуанышқали Жеткізгенов - 1949 жылы 19 қазанда Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді.

Қуанышқали Жеткізгенов еңбек жолын 1973 жылы Форт-Шевченко қалалық БЖСМ-де жаттықтырушысы қызметінен бастаған. 1998-2000 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2000-2004 жылдары Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2006 жылдары аудан әкімшілігі жанындағы жаңадан құрылған спорт бөлімін басқарды. 2007-2019 жылдары аталған спорт мектебінде директордың оқу жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Еңбек жолында спорттан қол үзбей баскетболдан аудандық құрама командасының капитаны, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисінен әлденеше рет облыстық жарыстардың жеңімпазы атанды. Ауданымызда бұқаралық спортты дамыту бағытында халықтың кең көлемде спортпен шұғылдануына өз үлесін қосып ұйымдастырушы болды. Ардагер спортшыларымыздың бірегейі - Қуанышқали Жеткізгенов еңбек жолында ҚР Президентінің, ҚР мәдениет және спорт минстрінің және облыс, аудан әкімдерінің, басқарма басшысының Құрмет, алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытуда сіңірген еңбегі үшін төсбелгісі иегері. Спорт ардагерінің жеңістерін насихаттап, жастарға өнеге қылу, бүгінгі ізбасарларына үлгі болары сөзсіз. Одан бөлек, 2019 жылы "Ауыл еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Ескерту: екінші сурет 2019 жылы 8 тамыз күні түсірілген. Түпқараған ауданы әкімдігінің парақшасынан алынды.

0
0
163

Осы тақырып бойынша

Қуанышқали Жеткізгенов - 1949 жылы 19 қазанда Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді. - Yvision.kz