Әуе Инженер болғым келеді
Авиацияда ең маңызды – қауіпсіздік болып табылады. Ал қауіпсіздік әуеинженерлердің қолында. «Эйр Астана» журналистерге Алматы әуежайында орналасқан ангарды «Эйр Астанамен мансап жоспарлау» жобасы аясында көрсетті. Жоба мақсаты – авиациялық кәсіптерді насихаттау және компанияға білікті мамандарды тарту. Осы ретте журналистерге инженерлер жұмысы көрсетілді.
Әуе компания тек дайын мамандарды іздеп тартудан басқа, жас мамандарды даярлауға үлкен үлес қосты. Бұл шара кәсіби мамандардың, әсіресе әуе инженерлердің жетіспеушілігімен және жоғары оқу орнын бітірушілердің біліктілігі әуе компанияның талаптарына сай келмейтіндігімен байланысты. Соған байланысты әуе компания бастамашылық етіп, Азаматтық Авиация Акадамиясымен бірігіп дуалдық білім беру бағдарламасын жүзеге асырды.
«Қазіргі таңда әуе компаниямызда, Азаматтық Авиация Акадамиясының 18 бітірушісі дуалдық білім беру бағдарламасын озатты бітіріп жұмыс істеуде. Осы бағдарлама арқасында біз талапқа сай, шетел әуе кемелерімен жумыс стеуге жарамды мамандардың тапшылығын түгендеу үстіндеміз» - деді, АҚ «Эйр Астана» техникалық қызмет көрсету менеджері Андрей Олия.
Сонымен қатар Қазақстандық инженерлерді Мюнхен қаласындағы Авиация-техникалық орталықта оқыту бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаның мақсаты – инженерлер EASA Part 66 лицензиясын алу болып табылады. Қазіргі таңда 4 инжере лицензияланған, және 22 инженер оқуда.
Инженерлік қызмет көрсету халықаралық стандарт сапасына келсек, олардың сақталуына Эйр Астана компаниясына өз әуе кемелеріне қызмет көрсетуге сеніп берген әлемге танымал KLM, Cargolux, Turkish Airlines және тағы басқа әуе компаниялары дәлел.
Техникалық қызмет көрсету департаментінің қызметкерлер саны 649, олардың 99% Қазақстандық мамандар, орта жасы 36 тең.
Пресс-тур ары қарай ангарда жалғасын тапты. Бұл жерде Аэробус А320ға қызмет көрсету жумыстары қарқынды жүріп жатыр. Суретте өзіңіз байқағандай ұшақтың кез келге бөлшегіне қолжетімді, ыңғайлы жұмыс жасауға арнайы сатылар бар. Бұл ұшақ жасы жарты жылдан аспаса да, кезекті қызмет көрсету шаралары жүргізілүде.








Инженерлер әуе споттерлерді таңқалдырды, бізге авиациялық құтқару турбинасын көрсетті. Бұл турбинаны көрмеген споттерлер бір шама.
Әуе кеменің эконом классы.
Әуекомпанияның қолдануында 30ға жуық ұшақ бар, орта жасы – 6 жыл.
Қазақстанда 3 техникалық базасы бар – Алматыда, Астанада және Атырау қалаларында. Жоспарда Қазақстанда ірі техникалық орталықтың ашылуы. Бұл түрлі күрделі техникалық қызмет (С-чек) көрсетуге жол ашады.

АҚ «Эйр Астана» PR бөліміне мың алғыс, бұл ұмытылмас сапар болды.
