Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Вальс «Вальс, вальс, сұлу екен, бұл әлем»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Султонали Рахматов «Вальс»

Бейнематериал авторы – А. Бахытбек, А. Ожебек  «Вальс»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Вальс, вальс, сұлу екен, бұл әлем,

Әкетесің, айналдырып, үніңмен.

Үніңде, сезіледі, тек көктем,

Аласұртып, ұшырттың-ау, сезіммен.

 

Жұмбақ сезім, әсер алдым өзіңнен,

Тұрғандайсың, айналдырып, арманмен.

Ұмыттырып, қиялдарды, әкетесің үніңмен,

Тыңдай бергім келеді, қайтадан мен.

 

Қанат беріп, ұшырдың-ау, көңілімді,

Бар сезімді, үйып – төгіп, аямай.

Жеткізе алсам, айтар едім, сөзімді,

Әсем үніңді, жырлай беріп, тоқтамай.

1
1
1875

Осы тақырып бойынша

Вальс «Вальс, вальс, сұлу екен, бұл әлем» - Yvision.kz