Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ВИДЕО: Әскердегінің арманы

"Спасск" деген жер бар. Қарағандыда. Сөйтсем үлкен қорым екен.

Спассктың қасында әскери орталық бар. Құрлық әскерінің оқу-жаттығу орталығы деп аталады. Сол жақта болдым.

Ағашы аз сары даланың үстімен өттік. Әскери орталық сондай бір мекиен далада.

Мақсатымыз келісімшартпен жүргендермен тілдесу еді. Бір-екеуін әңгімеге тарттым. Не себепті контрактник болғысы келгенін, контрактникке нендей жеңілдіктер бар екеніне жауап алдым.

Қазір елімізде 6000-нан аса сарбаз келісімшарт бойынша қызмет етіп жүр. Дені осы Дархан тәрізді әскери өмірді мақсатты түрде таңдағандар. Көпшілігі бұған дейін арнайы әскери оқу орындарында оқып, өмірін әскери салаға арнағандар екен.

Дархан Туребаев, 3-сыныпты сержант:

"Өзімнің үлкен ағам әскери міндетті болған. Қазір де өзінің әскери борышын өтеп жүр. Соның да бір себебі бар. Өзімнің де арманым әскери өмірді жалғастыру болды. [Арманыма қол жеткізу үшін] кадет корпусына түсіп, оны ойдағыдай бітірдім. Әрі қарай өзмінің келісімшарт бойынша қызметімді атқарып келе жатырмын.

Сарбазға, оның отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Әскери стажы он жылдан төмен болып, баспанасы болмаса, оларға жәрдемақы беріледі. Ал әскери еңбек өтілі он жылдан жоғары болса, қызметтік баспана беріледі. Әрі өзгелерге қарағанда зейнеткерлік демалысқа 45-47 жасында шығады"

Кейін  мына видеоны дайындап болған соң, Спасскте жүрген жігіттерге деген құрметім еселене түсті.

Ерліктің үлкені - үрейің мен қорқынышыңды, нәпсіңді еңсеру ғой. Келісімшартпен жүргендердің физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да шынығып жүргенін түсіндім. Екінің бірі бұған шыдай қоймас...

0
0
467

Осы тақырып бойынша

ВИДЕО: Әскердегінің арманы - Yvision.kz