Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әй өмір-ай осылай, өткенің бе...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Pera Classic’s

Бейнематериал авторы – Mark Zeldich

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Түсінбеймін өзімді, күннен-күнге,

Жүдеп барам, кімді ойлап, мен несіне?

Кейде күлем, түңілем, неге мүлде,

Жүргенім бе осылай, мұң көңілде?

Айтушы еді адамдар, тең теңімен,

Өтіп жатыр өмірім, ертеңімен.

Бірақ адам сүйеді, жүрегімен,

Тең түгілі, өзін де, ұмытумен.

Әй өмір-ай осылай, өткенің бе,

Өз-өзіммен сырласып, біткенім бе?

Жансамдағы-өртеніп, сөнгенім бе,

Дым түсінбей, бір күні, кеткенім бе?

0
0
514

Осы тақырып бойынша

Әй өмір-ай осылай, өткенің бе... - Yvision.kz