Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Қыста иммунитетті қалай сақтауға болады?

Қыста денсаулыққа ерекше күтім қажет. Өйткені қатты суық пен вирустар адам ағзасына кері әсер етуі мүмкін.

Фото:️ Tengrinews.kz

Ультракүлгін сәуле жеткілікті болмаса, теріден D3 дәрумені бөлінбей қалады. Бұл дәрумен салмақты қалыпты деңгейде сақтап, май алмасуын реттеп отырады, теріні, шаш пен тырнақты дұрыс дамытады.

Дәрігерлер денсаулығымыз бен көңіл-күйімізді суық күнде де бұзбайтын азық-түліктерді атап отыр. Олар, әрине, көкөністер. Солардың бірі – асжапырақ (шпинат). Онда С дәрумені жеткілікті. Сондай-ақ, асжапырақта иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін бета-каротин мен антиоксиданттар бар.

Қыста керек келесі азық – әрине сарымсақ. Оның вирус пен бактерияға қарсы мықты қасиеттері бар. Сарымсақ суық тию, тұмауға шалдығу қаупін сейілтіп, иммунитетті арттырады.

Бұл тұрғыда зімбірдіңде маңызы зор. Оны шәйға қосуға немесе түрлі тағамдар жасағанда пайдалануға болады. Зімбірдің де қабынуға қарсы қасиеттері бар. Ол холестерин мөлшерін азайтып, жүрек-қан тамырлары ауруларынан қорғайды. Сондай-ақ, зімбір миға пайдалы, яғни есте сақтау қабілетіңізді жақсартады, Альцгеймер ауруының алдын алады.

Мамандардың айтуынша, қыста иммунитетті сақтау үшін осы азықтарды белгілі бір мөлшермен тұтынған дұрыс.

Gazeta.ru

0
0
152

Осы тақырып бойынша

Қыста иммунитетті қалай сақтауға болады? - Yvision.kz