Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұйымдастыру-қоғамдық жұмыс бөлімінің басшысы Қуантай Мергенбайұлы ҚҰРМЕТ грамотасымен марапатталды!

«Nur Otan» Атырау облыстық филиалының ұйымдастыру -қоғамдық жұмыс бөлімінің басшысы Қуантай Мергенбайұлы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының шешімімен ҚҰРМЕТ грамотасымен марапатталды!

«Nur Otan» Атырау облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың және барша ұжымның атынан Қуантай Мергенбайұлының елеулі еңбегі үшін марапатталған Құрмет грамотасымен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Қуантай Мергенбайұлы білімді ғана емес, өз ісінің кәсіби білгірі. Сондықтан да осы уақыт аралығындағы еткен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Мерейлі мемлекеттік марапат өз иесін тауып отыр.

Елдің қамын ойлап, жұрттың мұң-мұқтажын елеп-ескере жүретін елжандылық қасиеттен арылмай, халыққа қызмет ете беріңіз! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, қызметте мол табыстар тілейміз!

0
0
149

Осы тақырып бойынша

Ұйымдастыру-қоғамдық жұмыс бөлімінің басшысы Қуантай Мергенбайұлы ҚҰРМЕТ грамотасымен марапатталды! - Yvision.kz