Зеренді ауданына қарасты Викторовка ауылының тұрғыны із түссіз жоғалған ұлын іздестіруге жәрдем
Зеренді ауданына қарасты Викторовка ауылының тұрғыны із түссіз жоғалған ұлын іздестіруге жәрдем беру туралы өтініш білдірді. Өтініш иесінің айтуынша құқық қорғау органдары бұл істі бақылауға алмай, істі созбаққа салып қойған. «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы, облыстық прокуратура мен облыстық Полиция департаменті бірлесіп өтініш иесінің мәселесі бақылауға алынды.
Прокуратура жоғалған азаматқа қатысты іздестіру ісін зерделей келе, өтініш берушінің дәлелдерін ескере отырып, жекелеген жедел-іздестіру іс-шараларын қайта бастау қажеттігін анықтады. Осыған байланысты іздестіру ісі шеңберінде Зеренді полиция бөліміне қажетті іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы нұсқау берілді. Қазіргі уақытта іздестіру ісі шеңберінде із түссіз жоғалған азаматтың орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
