«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»
«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінің қатысуымен Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен автожолдын 33-48 шақырым арасындағы орташа жөндеу жұмыс процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Қызылорда жолдары» ЖШС болып анықталған.Техникалық қадағалаушысы «Жол болсын-2021» акционерлік компаниясы белгіленген. Жөнделетін автобильдік жолдың ұзындығы 15 шақырым. Құрылыс қарқыны жақсы жүріп жатыр, жөндеу жұмыстарының аяқталуы 2023 жылы жоспарланған.
