Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жәнібек аудандық филиалының партия актив жиыны өткізілді

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының партия актив жиыны өткізілді. Партияның актив жиынына «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиев, аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және партияның белсенді мүшелері қатысты. Күн тәртібінде бір ғана мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні Қазақстан халқына жолдаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ: БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын талқылау, халық арасында насихаттау, одан туындайтын міндеттерді аудан көлемінде партия тарапынан қолдау білдіріп, орындалуына жұмыстану. Актив жыны барысында партия филиалы төрағасы, аудан әкімі А.Сафималиев, «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Б.Қуанәлиев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы – «Жәнібек» БПҰ төрайымы Л.Садирова сөз сөйлеп, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы, партия белсенділері маңызды міндеттер, түйінді тапсырмалар тізбектелген Президент Жолдауын толығымен қолдайтындығын және оны жүзеге асыруға партияның жүйелі түрде жұмыстанатындықтарын жеткізді. Партия жиналысының күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қарар қабылданды және тапсырмалар бекітілді.

0
0
250

Осы тақырып бойынша

Жәнібек аудандық филиалының партия актив жиыны өткізілді - Yvision.kz