Жәнібек ауданының маслихат депутаты Мейіржан Хаби аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады
«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға Жәнібек ауданының маслихат депутаты Мейіржан Хаби аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады.
Депутат қабылдауында болған ауыл тұрғындары өздерін мазалап жүрген сауалдарына жауаптар алды. Сонымен қатар мәслихат депутаты азаматтардың өтініштерін тыңдап, басқа да атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті және кейбір мәселелерді тиісті орындарға жеткізетінін айтты.

