Жәнібек колледжі жатақханасының дайындығы тексерілді.
«М.Б.Ықсанов» атындағы Жәнібек колледжі жатақханасының дайындығы тексерілді. Аталған шараға «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Б.Куаналиев, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Ибатов және «М.Б.Ықсанов» атындағы Жәнібек колледжінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Б.Ихсанов қатысты. Жалпы колледж жатақханасы жаңа оқу жылына дайын. Студенттердің жазғы демалысында ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жатақханада студенттерге арналған демалыс орны, жатын бөлмелер, жуынатын бөлме, жаттығу бөлмесі, асхана және кітапхана залдарымен қамтылған. #AMANAT
