Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жекке кіммен және қашан шығатыны айтылды
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жекке қайда, қашан және кіммен шығатыны айтылуда.

Фото: smi24.kz
Қазақстандық боксшы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында биыл 13 шілдеде Top Rank бокс кешінде сайысқа түседі.
Boxingscene.com бұл жекпе-жекте Әлімханның қарсыласы доминикандық Карлос Адамес болуы мүмкін деп отыр. Өйткені бұл екеуі соңғы күндері әлеуметтік желіде сөзсайысқа түсіп жатыр.
