Жұқпалы virusz
Бәріңіз ғаламторда көріп, біліп жатқан шығарсыздар жұқпалы virusz жайлы.
Бұл бағдарламада маған ұнағаны: өнерді, сусынды және ғаламторды бір бірімен себепті және жаңа деңгейде байланыстыра білген. Себебі, қазіргі уақытта ғаламторда күні-түні отыратын жастарды өнер байқауына шақырып, қаншама талантты, жеке өнерді ортаға салып, ғаламтордағы жұртқа көрсетуге мүмкіндік береді және де озып шыққандарға түрлі сыйлықтар мен Қара теңіз жағалауындағы Kazantip музыкалық фестиваліне жолдаманы ұтысқа салады. Әрине кімге өз өнерін елге көрсетіп одан сыйлықтар ұтқан ұнамайды?!
Осыдан 2-3 жыл бұрын Family park саябағында әр сенбі сайын Dizzy-дің үлкен Hummer автокөлігінің айналасында дискотека өтетін, сол жерге достарымызбен үнемі жиналатынбыз. Енді бұл дүние үлкен ауқымды бағдарламаға айналып, еліміздің барлық қалаларын қамтыды. Бұл жастар арасында үлкен көлемді шара болады деп ойлаймын. Ал бұл шараның Республикалық финалдық концерті Алматы қаласында, тамыз айының 6-шы күнінде өтпек, сол жерден жеңімпаздарды таңдап жыл сайынғы музыкалық фестивальға жолдама береді.
Осы шараға байланысты аулада бұрыннан арласып келе жатқан биші(b-boying, breaking) достарым видео түсіріп әлек болып жатыр, жеке және командалық номинацияларда өздерінің үздік қимылдарын елге көрсетпек. Олардың бимен айналысқандарына кемінде 2-3 жылдан аз емес және әр жігіттің өзіндік стилі бар. Жастары 17 мен 18-дің арасында, уақыттарының көбісін бимен өткізеді. Жартысы hip-hop мәдениетінің басқа да бағыттарымен айналысады ол дегеніміз граффити, диджейнг және битбоксинг. Жастардың осы бағытта дамығанын немесе осы бағытта өсуін жеке басым қолдаймын және бос уақыттарын бос өткізбей қызыққа, шатыққа толы өткізгендерін қалаймын. Бізде бұл мәдениет енді дамып келеді, бірақ әлі толық, өз деңгейінде дамымады деп есептеймін. Бұнымен не айтқым келіп еді? Жақын арада осы жігіттердің видеоларына дауыс берулеріңізді сұраймын, видео әлі сайтқа жүктелмеді, әлі дайындалу үстінде. Бұл балалардың таланттары, өнерлері сіздердің ойларыңыздан шығады деп ойлаймын және Алматыдағы финалдық концертінде көре жатарсыздар деп ойлаймын. Одан кейін қазіргі көптеген жастарға айтарым: егер де өзіңнің осы бағыттағы өнерің болса неге оны ғаламторға шығарып өзіңе түрлі пікрлер мен баға алмасқа?!
