Жүрек елжіретер көрініс: Алматыда су арнасына түсіп кеткен ит құтқарылды (видео)
Алматыда Есентай өзенінің арнасына ит түсіп кеткен.

Әлеуметтік желіге Жансая Батырбек жүктеген бейнежазбада ағыны қатты судан шыға алмай жатқан итке жағада жүрген адамдардың назар аударып, оны құтқаруға талпынғаны байқалады.
Алдымен бір жігіт оны қасындағылардың демеуімен аяғына қыстырып алмақ болды. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпаған соң ол тағы қасындағылардың демеуімен басын суға төмен қаратып түсіруді жөн көреді. Сөйтіп, итті қолымен алып шығады.
"Бүгін Есентайда қыдырып жүріп, осындай көріністің куәсі болдым... Иттің қалай үргенін көрсеңіздер ғой. Ол қатты қорыққан сияқты. Өйткені су мұздай әрі ағысы қатты", - деп жазған Жансая Батырбек.
