Жұртшылықпен жүзбе-жүз кездесетін «Есіктен есікке дейін» акциясы
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер аудан орталығындағы зейнеткер ұстаздар У.Акдавлетова мен В. Коломиецтің үйлеріне барды. Жүздесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалда бағдарламасын таныстырды.
Жалпы ардагер ұстаздар «Nur Otan» партиясы жүргізіп отырған саясатына деген көзқарастары түзу, ең бастысы елімізде бейбітшілік, тыныштық мызғымай, әлемді жайлаған індеттен еліміз аман-сау шықса екен деген игі тілектерін ортаға салды.
