Жаңа 2014 жыл құтты болсын
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Ақ қарымен, нұр шашып,
Жаңа жыл келеді, асығып.
Кең далама, ән салып,
Ақшақар келді, таң қалып.
Береке, қуат серігі,
Орындалсын, елдің тілегі.
Қуанышта болсын, жүрегі,
Жанұя болсын, тірегі.
Бақыттың нұры, сөнбесін,
Қияметті ешкім, көрмесін.
Қазағым биіктен, көрінсін,
Аман бол, елім, біз үшін.
Жаңа жыл, арман, аңсаған,
Біз үшін бақыт, кең далам.
Тілегім, береке, тек саған,
Жәйнәй бер, мәңгі Астанам.
Бұл жылда, құр қалмаңдар,
Орындалсын, бар арман.
Жақсылыққа, жылды, жалғаңдар,
Үзілмесін, той думан.
Жаңа жылда бәріміз,
Жарассын әнмен, сәніміз.
Қуанышта болсын, күніміз,
Сәтті болсын, жылымыз.
