Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа жылың, құтты болсын халайық

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Abba “Happy new year”

Бейнематериал авторы - Band ODESSA

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте -

       

Тәуелсіздік, алға тартқан мүмкіндік,

Қайран шіркін жиырма бес, жазғы таңдай.

Болашаққа үміт құрып, біз сендік,

Алға бастық, ұзақ жолда аянбай.

 

Аманатты, біз сақтадық тұмардай,

Ата-бабам, тастап кеткен өкілді.

Есте сақтап, ұран қылдық тастамай,

Гүл жайнаттық, байтақ жерді, елімді.

 

Суыққа да, ыстыққа да шыдаған,

Жоқтық болса, сабырлықты сақтаған.

Халқым менің, сен кірпіштің қалауы,

Сол кірпіштен, елім менің қаланған.

 

Аман болшы, жәйнәй берші, туған жер,

Биік болсын керегең, кең шаңырағың.

Сарқылмаған дастарқанға, не жетер,

Шыға берсін, жақсылықта атағың.

 

Жаңа жылың, құтты болсын халайық,

Өрлей берсін, өсе берсін берекең.

Ұзағынан, біз бақытты болайық,

Той думаннан, үзілмесін отбасың.

 

https://www.youtube.com/watch?v=wRQNyNw0Bag

 
1
1
641

Осы тақырып бойынша

Жаңа жылың, құтты болсын халайық - Yvision.kz