Жаңабұлақ ауылында кездесу
Бударин және Жаңабұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер М.Құрманғалиев, А.Сағитов кездесті.«Партияның сайлауалды бағдарламасы биылғы науқанға орай әрбір өңірге жеке дара әзірленді. Бағдарлама жасақталмас бұрын осыған дейін ұйымдастырылған праймеризде халықтан түскен өтініштер ескерілді, оған қоса жергілікті әкімдікпен жиындар ұйымдастырылып, өңірде дамытуды қажет ететін салалалар бойынша жұмыстар қамтылды. Бір сөзбен айтқанда бағдарлама сарапталып, талқыланып, даму, өрлеу қағидасын ұстанады. Барлық саладағы жетістіктерімізді әр қазақстандықпен көргіміз келеді» деді кандидаттар тұрғындармен кездесу барысында. 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысып, көшбасшы партияны қолдауға тұрғындарды шақырды. Халықтың мұң-мұқтажын сұрап,ұсыныс –пікірлеріне құлақ түрді.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Преодолев испытания, победим вместе!
