Жаңабек Жақсығалиевтің сенімді өкілі Жаңақала ауданы орталығында болып, еңбек ардагерімен кездесті
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Жаңабек Жақсығалиевтің сенімді өкілі Жаңақала ауданы орталығында болып, еңбек ардагерімен кездесті. Аталған басқосуға қатысқан сенімді өкілдер жиналғандарға «Nur Otan» партияның аудандық сайлауалды бағдарламасының негізгі жеті басымдықтарымен таныстырып, негізгі алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар бес жылдық жоспарға жол төсеу, мектептер мен балабақшалар салу, жаңа ауруханалар ашу секілді күрделі мәселелер кіргенін айтты. Тұрғындар тарапынан да ұсыныс-пікірлер айтылып, сауалдар қойылды.
Кездесу соңында сенімді өкілдер үгіт парақшаларын таратып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып, жетекші “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.
