Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңадан кәсіп көзін ашпақшы болған аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді

Бүгін 25 қараша күні "Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында несиемен қамтамасыз ету бағытында жаңадан кәсіп көзін ашпақшы болған аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді. Бұл кездесуге "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының Сырым ауданы бойынша филиалының директоры А.Бисенғалиев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Б.Бақытжанова қатысып, тұрғындардың тарапынан қойылған кәсіпкерлікті ашуға бағытталған көптеген сұрақтарға өз жауаптарын берді. Бүгінгі таңда осы мекемелер арқылы өз несиелерін алып кәсіптерін ашқан ауыл тұрғындары алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Осы тақырып бойынша