Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жақсыбай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 мамырда өткен Жақсыбай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ Жақсыбай ауылдық округі әкімінің сайлауына өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатынасты. Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 558 сайлаушының 88,5 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Бурекешова Диана Амангелдіқызына 201 (екі жүз бір), Қаратаев Алмат Бақытұлына 228 (екі жүз жиырма сегіз) дауыс берілді. Дауыс беру нәтижесінде Қаратаев Алмат Бақытұлы Жақсыбай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Қаратаев Алмат Бақытұлы, 01.02.1974 жылы туылған, ұлты қазақ, Жақсыбай ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарған, «AMANAT» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылының тұрғыны.

0
0
225

Осы тақырып бойынша

Жақсыбай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ - Yvision.kz