Жалғыздық мені жылатқан «Аудио өлең»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Era “Flowers of the sea”
Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте - http://vk.com/public56982889
Жанарда жасым іркілген,
Кінәлі оған, мүмкін сен.
Көрсетпей мұңды, күлкіммен,
Жүрмін ғой сені, күтумен.
Кетті ма тағы алыстап,
Арманым маған қол бұлғап.
Қалдым-ау, мұңда мен аңсап,
Тұрсың-ау жүрек, жабырқап.
Жалғыздық, мені жылатқан,
Жалғыздық, мені сарғайтқан.
Жалғыздық, мені құлатқан,
Құлатып жатып, тұрғызған.
Қалмады, бізге мүмкіндік,
Арамыз, теңіз өткелсіз.
Берілдік, сезімге сендік,
Сондағы көктем, бүгін күз.
Ендігі жиі өкініп,
Аламын еске, сол кезді.
Жылаймын, мұңда күрсініп,
Сағынып, тұнық сол көзді.
Сырымды сақтап, айта алмай,
Көп жылдар жүрдім, сағымда.
Сен үнсіз болдың, шақырмай,
Тек үміт болды, қасымда.
Ызғарын көрдім өмірдің,
Сыңарым болмай, төзідім.
Таба алмай кілтін, көңілдің,
Сергелдең болды серігім.
Бұйырған бізге осылай,
Болмадық, жұп боп, шіркін-ай.
Тұра тұр жүрек, қинамай,
Кім білген, болатынын осылай.
