Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Жамбыл облысында қора өртеніп, 50 басқа жуық мал қырылды

Жамбыл облысында өрт салдарынан 48 бас мал қырылып қалды.
undefined
Осы түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Соның салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы өлген.

Өрт алаңы 220 ш.м. Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл жалынның тұтануына электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп.

Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді.
ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

t.me/qr_tjm

0
0
350

Осы тақырып бойынша

Жамбыл облысында қора өртеніп, 50 басқа жуық мал... - Yvision.kz