Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жан – жүрегім, алтын менің, Анашым «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Кентау Назарбек «Керуен ғұмыр»

Күйді орындаған – Айбек Бекбосын

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – http://vk.com/public56982889

       

Балалық па, түсінбедім, көп сөзін,

Қарсы шығып, мен өсуге асықтым.

Талай көрдім, жасқа толы, мен көзін,

Сонда да, арманды іздеп, аттандым.

 

Қарлығаштай шырылдап, мені қорғап,

Асыл анам, жиіп, теріп, арқалап.

Келуші еді ауылдан, мені аяп,

Арманыма, жеткіздің-ау, арқалап.

 

Ризамын анашым, кешіре алсаң, кешіре гөр,

Түсінбедім бағаңды, түсінбедім.

Туған күнің, сенсіз өтті, суық көр,

Алып кетті, өкініште өртендім.

 

Өтіп жатыр, қасиетті Ораза,

Бәрі сенсіз, бәрі сенсіз өкініш.

Үрейменен кетер емес, мынау маза,

Саған иман, өзіме, сұрайыншы күш.

 

Жан – жүрегім, алтын менің, Анашым,

Сағындым-ау, сағындым-ау иісіңді.

Көрсем болды, саған ұқсас көшеден,

Мен сандалып, кете берем, соңынан.

 

Қайтейін, бұл тағдырға күшім жетпес,

Әлсіз жүрек, жылаудан талықсиды.

Болғаныма, бұл өмір, сонда елес,

Болса адам, бұл өмірде бақилы.

 

Жатқан жерің, жайлы болсын Анашым,

Торқа болсын топырағың, иманыңда.

Қайтейін, қайтейін, сенім тұтар панашым,

Бұйырғаны ендігі, дұға қылу сағымда.

 

https://www.youtube.com/watch?v=5sJ1ckCgYSM

1
1
4582

Осы тақырып бойынша

Жан – жүрегім, алтын менің, Анашым «Аудио өлең» - Yvision.kz