Жансеңгіров Серік Максимұлы, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Талдықорған қаласының маслихат депутаты
Талдықорған жоғары медициналық колледжінің директоры, медицина ғылымдарының кандидатымын. Облысымыздағы білім, медицина саласының дамуында және қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу жолында тәжірибем жеткілікті деп есептеймін. Елімізде болып жатқан, ауқымды әрі бірегей праймеризге қатысуға өз кандидатурамды ұсындым.Бүгінгі таңдағы әлем назарын өзіне аударған эпидемиялық жағдай кең ауқымда тарап жатқаны баршамызға мәлім. Осы орайда пандемия кезінде халқымыздың әлеуетін арттыру үшін «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстары орасан зор. Әсіресе, әлеуметтік қолдау көмегін көрсетумен қатар, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде, сонымен қатар бірқатар мәселелерін шешуде партияның еңбегі елеулі.Партияның негізгі қызметі - халыққа бағытталған. Ұлт болашағы жастарымыздың қолында екені белгілі, ал сол жастарымызға өз іс-тәжірибеммен бөлісу мақсатында аталған праймеризге қатысуды жөн көрдім. Мақсатымыз мығым, міндеттеріміз айқын болсын!
