Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Жапониядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар көбейіп жатыр

Жапонияның Исикава префектурасында болған жойқын жер сілкінісінің зардабы уақыт өткен сайын молайып жатыр. Онда 100 мыңдай тұрғын өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

Соңғы мәліметтер бойынша Жапонияның орталығындағы зілзала салдарынан 48 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен. Бұл көрсеткіш әлі де өсіп жатыр. Ал болуы мүмкін делінген цунами қаупі сейіліпті.

Естеріңізге сала кетсек, кеше күншығыс елінде 7,6 балдық жер сілкінісі болған еді. Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың айтуынша, батыс жағалау аймағы көп зардап шеккен. Құтқарушылар үйінді астында қалғандарды шығарып алуға тырысып жатыр.

Метеорологтардың мәліметі бойынша, кеше таңертеңнен бері түрлі деңгейде 155 жер сілкінісі тіркеліпті. Табиғаттың бұл құбылысы осы апта бойы қайталанып отырады деген болжам бар.

0
0
189

Осы тақырып бойынша