Жарнамаға қарап, жер шұқимыз
Қазіргі ХХІ ғасыр, жаһандану тұсында жарнама мен пиар саласы қарқынды дамып келеді. Жарнама құрылымы қарапайым болғанымен, оның-да өзіндік күрделі, көпмазмұнды тұстары да жетерлік. Жарнама арқылы әрбір ұлттың тұрмыстық жағдайын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін аңғаруға болады. Себебі жарнама-сөз, сөйлем сонымен қатар мәтін яки шағын шығармадан құралады. Ал, қазіргі уақытта ең танымал нұсқасы-видео ролик арқылы жасалатын жарнама. Бүгінгі қоғамда жармана арқылы қалың жұртқа сан алуан тауарлар мен өндірілетін заттардың қызметтерін, тек жақсы қасиеттерін көрсетуге тырысады. Егер жарнама сауатты сонымен қатар сапалы жасалған болса, ол тауардың да ұзақ мерзімде сақталмай, сатылым мен рейтингте бірінші орынды иеленуі әбден мүмкін. Негізінде жарнама саласы шет елде жақсы дамыған. Сондай-ақ олар аталмыш салаға барынша көңіл бөліп, максималды түрде сапалы жасауға тырысады. Ал бізде жарнаманың ақсайтын тұсы көп. Әсіресе, грамматикалық қателіктердің мыңдаған түрлері кездеседі. Қазақ тілінде түсінбеген соң, бірден орысша сауатты жазылған сөйлеміне қараймыздағы, мағынасын өзімізше ұғамыз. Міне, төменде ана тілімізде жазылған жарнамадағы қателіктердің бірнеше топтамалары.


Менің ойымша, осындай қателіктер санын азайту үшін ҚР-ның "Tіл туралы" заңына тағы да арнайы баптар қосу керек. Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мамандарының жұмыстарын билік басындағылар қатаң қадағалауы тиіс. Өрескел қателіктерді жіберу сауатсыздықтың белгісі. Қала көшелерінде кездесетін жарнама тақтайшаларымен қоса көше атауларында кеткен қателіктерден көз сүрінеді. Бұл сын айтылып та, жазылып та жүр. Дегенмен бұл іске білек сыбана кірісіп, барынша түзеткісі келетіндер қатары көбейер емес. Ана тіліне жанашырлық танытқан әрбір азамат бейқам қалмай атсалысса, сауаттылыққа жасар алғашқы қадам болар еді. Қазақстанды дамыған елдердің арасынан көруіміз үшін сауатсыздықты жойып, тілімізді құрметтеуіміз керек.
