«Жастарға кеңес» жобасы бойынша көшпелі кеңестер өткізілді
Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақсай қаласы және ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде «Жастарға кеңес» жобасы бойынша көшпелі кеңестер өткізілді. Жоба аясында ауданымыздың тұрғындарына, оның көпшілігінде жастарға тегін кеңестер берілді. Аудан жастары түрлі сала мамандарынан «Жасыл Ел», «Дипломмен ауылға» және жастар тәжірибесі бағдарламалары, қайтарымсыз несие туралы ақпараттық-түсінік жұмыстары жүргізіліп, психоголиялық, теологиялық, заңгерлік кеңестер берілді.






