«Жастар - Отанға» керуені Ақсу ауылдық округінде болды
Бүгін «Жастар - Отанға» керуені Ақсу ауылдық округінде болды. Онда Ақсу, Ақбұлақ, Достық ауылдық округінен келген жастар қатысты. Керуен құрамындағы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Толқын Хадышова мен орталыққа қарасты «Психологиялық кабинеттің» психологі Ботагөз Байқадамова мен орталық әдіскері Ардақ Тлепова және аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» маманы Айгүл Будирова жастарға кәсіпкерлік және өзін-өзі дамыту, «Жастар тәжірибесі», «Диломмен ауылға», қайтарымсыз гранттар тақырыбында сөз қозғады. Сонымен қатар жиынға келгендер қазіргі проблемалық тақырып ерте жүктіліктің алдын алу мен репродуктивті денсаулық бағытында түсіндірме ақпарат алды. Жиын соңында аудандағы жастар саясатына өз үлесін қосып, белсенділік танытып жүрген жастар - Ақбұлақ ауылдық округінен Елжан Мағзом, Достық ауылдық округінен Адрей Печенюк және Ақсу ауылдық округінен Жаңылғаным Жаңабаева аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Толқын Хадышованың алғыс хатымен марапатталды.







