"Жастар - Президенттің тірегі"
"Жастар - Президенттің тірегі"
Осындай тақырыпта студенттермен 20 қараша өткен сайлау нәтижесін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Ел ертеңі мен ұлт тағдырына қатысты сондай басым бағыттардың бірі – елдің ертеңгі егесі, ұлттың болашағы, мемлекеттің арқа сүйер тірегі жастарды қолдау саясаты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз қызметіне кіріскелі бері елдегі жас буынға ерекше көңіл бөлді. Елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру іс-шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі көрсетуі мен өз армандарын жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде кешенді саясат жасала бастады. Қ.Тоқаевтың жастар жөніндегі көзқарасы мен ұстанымы, тіпті ол президенттік қызметке кірісуден бұрын-ақ белгілі болған болатын.
Қала жастары сайлау туралы өз ойларымен бөлісіп, қазақ елінің жарқын болашағы жолында бұл сайлаудың маңыздылығы туралы сөз етті. Жаңа мемлекет құруда жас мамандардың қосар үлесі зор екенін жете түсінетін жастар аянбай еңбек етуге дайын екендерін жеткізді.
