"Жастар рухы" қанатындағы белсенді жастармен кездесу
Бүгін «АМАNAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалының ғимаратында партиялас ардагерлер мен Партиямыздың "Жастар рухы" қанатындағы белсенді жастармен кездесу ұйымдастырылды. Ардагер партияласымыз - Габдулова Шара Қайыржанқызы партиямыздың құрылған уақытынан бастап қазiргi уақытқа дейін болған өзгерістер мен жаңалықтар туралы қысқаша баяндап берді. Жастарды белсенді болуға шақырды. Алдағы болатын Президент сайлауы елiмiздiң болашағы үшін, жастарымыздың болашағы үшін жасалатын басты қадам екенін Жастар да, ардагерiмiздi тыңдай отырып сайлауға не үшін келетіндiктерi туралы ойларымен бөлісті. Кезектен тыс президенттік сайлауға қатысатындықтарын және жұмыстас әрiптестерiн де шақыратындықтарын жеткiздi.





