Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Жайдарманшы оқушылар мінген шағын автобус жол апатына ұшырады

Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. 

Бір адам қайтыс болып, 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі бала. 

Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төрт адам облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылған. Оның екеуі бала. 

Қалған алты оқушы аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Олар Көкшетау қаласында өткен Жайдарман ойындарынан кейін жолға шыққан. 

Полицейлердің мәліметінше, шағын автобустың 62 жастағы жүргізушісі алда келе жатқан қар тазалау техникасын басып озамын, деп қарсы бетке шығып кеткен. Рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

 Qazaqstan телеарнасы

0
0
234

Осы тақырып бойынша