Жеңіс күні
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»
Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Қарияның әлі, есінде,
Соғыста көрген, азабы.
Босады тағы, көңілде,
Оралып еске, мұң қайғы.
Қан төгіс, болған майданда,
Қайтпады елге, достары.
Оралмай қалды-ау, арманда,
Қайғыда қалды, ел, жары.
Неліктен, қария жылайды?
Мазасын, жара, алды ма?
Көңілі неге, босайды?
Қапыда жалғыз, қалды ма?
Қиындық өтті-ау, басынан,
Әлі де мйдан, тоқтамай.
Табылмадық па, әлде қасынан?
Санамыз әлі, оянбай.
Мәңгілің оттың, алдында,
Неліктен көңілі, босайды?
Сыйлайық, жақсылық, барында,
Еш артық, бұдан болмайды.
Ортада әлі, жасасын,
Көп жылдар, уайым, қайғысыз.
Бақытта, санасын жылдарын,
Өткізіп күндерін, тек мұңсыз.
