Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Желтоқсан» Тәуелсіздік күніне арнайы

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Талай азап, өтті бастан,

Елге жетті, желтоқсан.

Сенім үшін, қыршын болған,

Айналайын жастардан.

 

Сол ызғарлы желтоқсанда,

Қанға толды, бар алаң.

Өтіп кетті-ау, сұр жалғанда,

Аналарға, бұл жараң.

 

Болмас па еді, сол жастарым?

Бірі әке, бірі ана.

Ойланбастан, елі үшін,

Жанын берді, отанға.

 

Мақтан тұтам, қазағыма,

Мың өліп, мың тірілген.

Суық қыста, мазағыма?

Үстеріне, су төккен.

 

Мақтан етем, аналарға,

Ұл қыздарын, өсірген.

Жетпес берсем, бағаларға,

Көрген уайым, қасіретпен.

 

Бағалайық, егеменді,

Есте ұстап, сол күнді.

Өшірмейік, біз сенімді,

Тастап кеткен, үмітті.

 

Туған күнің, құтты болсын,

Әр ұлттарың, бар қауым.

Егеменді, туың болсын,

Болсын әнім, ұраным.

 

Әр ұяға, бақыт қонсын,

Ашық болсын, жолдарың.

Көк аспаның, бұлтсыз болсын,

Тойда болсын, жылдарың.

 

Атың, даңқың, өсе берсін,

Орындалсын, бар арман.

Айналайын, тек өзіңнен,

Қазақ деген, атыңнан.

0
1
1711

Осы тақырып бойынша