Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлықты жою мемлекеттің өсіп-өркендеуінің кепілі

Жемқорлықпен күресті әр ел әртүрлі тәсілді пайдаланып жүргізеді. Бірі заңның мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бір ел жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты көтеріп, олардың жалақысын жоғарылатуды жөн санайды. Тағы бір елдер сыбайластыққа жол бермеудың жолы құқықтық түсіндіру, кеселдің алдын алу деп біледі. Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, дамыған елдердің жемқорлыққа қарсы қолданған тәжірибесінің барлығын зерделеп, артық-кемін екшеп, өз қызметтерінде қолдануға тырысуда.

Ен алдымен бұл кеселді жоюға бағытталған заңымыз 1998 жылдан бері қолданылып келеді. Одан бөлек, жемқорлыққа тыйым салатын кешенді бағдарламалар да жүйелі жасалуда. Сондай-ақ Елбасының жыл сайынғы Жолдауында да жемқорлықтың зардабы, оны болдырмаудың мақсат-міндеттері тұрақты көтерілуде. Әсіресе, бұл күресте күштік құрылымдарға ерекше салмақ жүктелген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен 2010-2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясат тұжырымдамасында құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдіру көзделген болатын. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда 2014 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық, Қылмыстық атқару, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қабылданды. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару саласы реформаланды.

Жемқорлық – іштен шалатын, елді дамытпайтын, қоғамды өсірмейтін дерт. Мұндай кемшіліктен дамыған елдердің өзі сақтандырылмаған. Содан болар, бұл елдерде кеселге қарсы тұрудың, жемқорлықтың себеп-салдарын анықтап, оның алдын алудың жолдары барынша тиімді қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлық – заман ағымымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұсан келтіріп отыр.

Одақтастар елдер ішінде алғаш рет жоғарыдағы қағидаларды құқықтық тұрғыда жүйелеп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдауды Қазақстанның жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялағанын дәлелдейді.

Міне осы құқықтық құжат өмірге келген 1998 жылдан бері сыбайластықпен күрестің, парақорлықты жоюдың, кеселді болдырмаудың, індеттің алдын-алудың тәсілдері қолданылып келеді.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқан емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.

Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу барша қазақстандықтар үшін ортақ мінбет.

Ол үшін аталған дертке қоғам болып ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты – жемқорлық. Ал, теориялық аспектіден қарайтын болсақ, жемқорлықтың түрлері бар. Атап айтқанда, «саяси», «экономикалық», «халықаралық» жемқорлық пен «төменгі» жемқорлық. Яғни, «элиталық» анда-санда кездессе де, ол жемқорлықтың көлемі ауқымды болады. Ал, ең қауіпті жемқорлық күнделікті тұрмыста кездесетін «төменгі» жемқорлық болып табылады. Олар, оқу орындарында, бала-бақшада, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласында кездеседі. Елдің экономикасын артқа тартатын, бәсекелестікке кері әсер ететін жемқорлық – төменгі жемқорлық. Сондықтан, жаңа құрылған агенттіктің бірден-бір мақсаты – халық арасында мектеп деңгейіндегі оқушылардың сана-сезіміне осы жемқорлық жат құбылыс екенін жеткізу болып табылады.

Елімізде сыбайлас жемқорлық заңдық актілермен реттелді. Дегенмен, жемқорлықпен күресті жүзеге асырудға орай көптеген құжаттар қабылданған. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық негізінде туындайтын қауіптен сақтауға, мемлекеттік органдар мен мемлекттік функциаларды атқаратын лауазымды және басқа да тұлғалардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы болып табылады. Жемқорлықты жою- еліміздің фундаментальды құндылығы болып табылады. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп, еліміздің гүлденуіне жағдай жасай аламыз.

Аға пристов Д. Әділұлы

0
0
331

Осы тақырып бойынша

Жемқорлықты жою мемлекеттің өсіп-өркендеуінің кепілі - Yvision.kz