Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жер қатынастары бойынша ақпараттық –анықтамалық материалдар

I. МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ

1.      Жерді жеке меншікке кім сатып алады?

Бірде бір шетелдік Қазақстан жерінің бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар. Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Мынаны ескерткіміз келеді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы қазіргі айналымдағы 100,8 млн га жердің 1,3 млн га жері Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде, ал   99,5 млн га жер жалға берілген. Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлық, дақылдық, жемдік, көкөністік –бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі және бұндай жерлерде мал шаруашылығымен  және ет-сүт өндірісімен шұғылданады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ақшалай түрінде 2,7 трлн. теңгені құрады.

99,5 млн га жердің  шетелдіктерге  65 мың га жері ғана берілген  – бұл шамамен 0,06% - оның өзі жалға берілген. Атап өткен жөн, оның ең көп  бөлігі  -45 мың га – бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген, олардың үлесін қазақстандықтар тікелей иелік етеді. Мысалы, Ақмола обласында 2010 жылы  американдық Global Beef компаниясымен (капиталдық үлесі 15% ) «KazBeef Ltd» ЖШС бірлесіп құрылды. Кәсіпорын жер телімінің көлемі 154,8 мың га, оның ішінде: егістік -13,2 мың га, шабындық - 141,6 мың га.

Компания елімізде алғашқылардың бірі болып тұқымдық таза ангус және герефорд малы тұқымдарын алып келе бастады, сөйтіп сапасы жоғары ет өндірісінің толық циклін құру жолын бастады. Биыл 2015 жылдың қорытындысы бойынша жоғары сапалы 2014 тонна ет экспортталды. Қазір кәсіпорында 85 - ге жуық адам жұмыс істейді, олардың ішінде бірде бір шетелдік жоқ.

Сондай-ақ, Солтүстік –Қазақстан облысында қытай инвесторларының қатысуымен   май дақылдарын өндірісі мен қайта ұқсату бойынша пилоттық кооперативті құру іске асырылуды. Аталған жоба кластерлік жолға қойылған, ол  12 мың га  жер көлемінде май дақылдарын өсіру және оны өсімдік майын қайта өңдеу үшін май экстракциялау заводының құрылысы салынбақшы. Барлығы кооператив  9 ауылшаруашылығы өндірушілерінің басын қосады.

Жалға берілген жерлердің кейбір өңірлер бойынша  жерді таратуы мынандай: Ақтөбе облысында  - 29 мың. га, Жамбыл облысында – 13,5 мың. га,  Ақмола облысында – 8,6 мың га.

Ал ресейліктер болса 10 236 га жалға береді, Қытай резиденттері  - 282 га, ОАЭ - 859 га, Түркия - 7 га және тағы басқаларға жалға берілген.

2.      Заңнама қаншалықты жерді жеке меншікке алу үшін шетелдіктердің  айналып өтуінің  мүмкіндіктерін ескере ме?

Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға тиым салған, сондай-ақ    шетелдіктерге  салынған  шектеулердің айналып өту  тетіктерін де  ескереді.

Егер де шетелдіктер жеке меншігіне жалған неке арқылы қулығын асырып жерді сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе  екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе әділет органдары бұндай жағдайларды  тіркеу үшін  қабылдамайды.

Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелікте туындамайды.

Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Сонымен бірге, заңнамалық шектеу туралы шетелдік азамат және әлеуетті сатып алушы нотариусқа келісім жасауға келгенде де біледі.

Мемлекет нотариустың тиым салуын, оларды жауапкершілікке тартумен белгілеген. Бұл кезде келісімдердің құқықтық салдары болмайды.

3. Қоғамда   шетелдіктер  жерге жеке меншік құқы бар қазақстандық заңды тұлғаның үлесін сатып алу жолымен жер телімдерін алуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл солай ма?

Бұл мәселені екі жақты қарауға болады.

Біріншісі. Егер де шетелдік сатып алатын үлес 50%- тен асатын болса, онда бұндай заңды тұлғаның жер телімдері  үш айдың ішінде алынуға жатады немесе жер пайдалану (жалға беру) құқығы қайта хатталуы қажет.

Бұл талапты орындамаған кезде, Әкімдік жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы шағым береді.

Мемлекет өз кезегінде бұндай фактілерді ақпараттық жүйелердің бірлескен іс қимылы арқылы анықтайтын болады, ондай ақпарат заңды тұлғалар үлесінің мөлшері және барлық заңды тұлғалар  – жер телімінің иелері туралы ақпараттан тұрады.

Егер де жеке меншігінде жер құқығы бар заңды тұлғалар анықталған кезде, шетелдіктердің үлесі 50%-тен  асса, бұл ақпарат әкімдікте  жерді алу үшін, жер телімін жалға беру құқығын қайта қарау  немесе сотқа  оны қайтару жөнінде шағым бойынша жұмыс істеуге  жіберілетін болады.

Екінші. Егер де шетелдіктің үлесі 50% -тен кем болса, заңды тұлға үшін ештеңе болмайды.

4. Егер де, шетелдік 50% -тен кем үлес сатып алған болса, бұндай заңды тұлға шектеуді айналып өтпей ме?

Бұл күмәнді сейтсек деймін.

Азаматтық кодекске сәйкес, бұндай шетелдік – заңды тұлға иесі оның мүлкіне, оның ішінде жер теліміне де құқығы болмайды, тек  жарғы капиталындағы үлес құқығына ғана ие.

Басқа сөзбен айтқанда, бұндай жер телімдерінің  иелері  шетелдік азамат  емес, заңды тұлға – біздің заң бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін Қазақстан резиденті болып табылады.

Егер де шетелдік  қатысушылар құрамынан шыққысы келсе және өзінің жер үлесін алғы келсе, оған ондай мүмкіндік жоқ, өйткені ол жер құқығын тіркей алмайды.

Бұл жағдай - заңды тұлға қатысушысы жұбайлар болып, оның біреу шетелдік болған жағдайға да қатысты.

Бұл кезде акционерлік қоғам сияқты ұйымдық –құқықтық нысаны ерекшелігінде ескерген жөн. АҚ үлестер, барлық мүлік нарықта еркін айналым акциялары, бағалы қағаздар түрінде, олар биржаларда сатылуы және сатып алынуы мүмкін.

Бұл кезде шетелдікке тиісті акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені тіпті акцияның 100% иесі шетелдік акционердің өзі де  жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

Айтылғандарды түйіндей келе, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және ол қатысушы құрамынан шыққан кезде  жер телімімен емес ақшалай түрде төленетін заңды тұлға үлесіне ғана құқы бар.

5. Жерді кім жалға алады?

Жаңа жер заңнамасы бойынша шетелдіктерге конкурс арқылы берілетін болады. Үкімет облыстың әрбір ауданы бойынша шетелдіктер үшін бір адамға берілетін жердің ең төменгі мөлшерін бекітеді. Мысалы, Ақмола облысында, Шортанды ауданында – бұл  1000 га. Конкурс ережесі былай, әлеуетті жалға беруші міндетті түрде жерді пайдалану жоспарын тапсыру қажет. Мемлекет конкурстың өтуіне кепілдік береді. Егер де шетелдік біздің талаптарды бұзатын болса, біз олармен жасалған келісім - контракты бұзуға  және олардан жерді алып қоюға құқымыз бар. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану ережелерімен Сіз мына сілтеме бойынша: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011549 танысуға болады

6.      Мемлекет жерді қайтарып алуға құқылы ма?

Иә, қайтарып алуға құқылы. Егер де, жер мақсаты бойынша пайдаланылмаса, мысалы, жер өңделмесе, жердің үстінде өнім өндірілмесе, онда мемлекет жерді қайтарып алуға құқы бар.

Екіншіден, сапаға жүргізілген бақылаудың көрсетуі бойынша, егер жер тиісті тәсілмен пайдаланылмаса (тыйым салынған химикаттар қолданылса), нәтижесінде жер құмға айналады. Жерді сондай-ақ, жырқыштар мекендеген жағдайда да алып тасталады. Бұл шаралардың барлығы жердің жеке меншікте немесе жалда болуына байланыссыз қолданыла береді.

7. Қазақстан азаматы жерді сатып, немесе жалға ала  ма?

Иә, алады. Қазақстандықтар үшін ерекше жеңілдік жағдайлары қарастырылған: жалға берілген жерді 10 жылға дейін ұзартылған мерзімде жарты бағасына сатып ала алады. Ал шетелдіктер үшін мұндай ереже қарастырылмайды.

8.      Қазақстандықтарға немесе шетелдіктерге жалға берілген жер олардың жауапкершіліксіз пайдалану  әрекетінен тозуға  және тыйым салынған химикаттармен улануға ұшыраса, жалға берілген жерге не болады? Бұл жағдайды  кім және қалай бақылауға алады?

Песицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады.  Ауыл шаруашылығы министрлігінің агрохимия қызметі мен  Әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.

Заңнаманы бұзған жағдайда жерді қайтарып алуға дейінгі қатаң шараны қолданады.

Жер заңнамасын сақтау жөніндегі Әкімдіктердегі бақылау органдары тарапынан агроөнеркәсіптердегі кешендерге тиесілі жер телімдеріне тексерулер жүргізілді.  2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген тексерулер ауыл шаруашылығы мақсатындағы 263,9 мың га жердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.

Өткен жылы  187 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 171 субъекті 169,5 млн. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

2016 жылдың бірінші тоқсанында 7 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде  5 субъекті 106 мың. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

9.      Жер қанша тұрады?

Жер телімінің нақты құны базалық ставкаға сәйкес анықталады, және бұл жөніндегі ақпараттар http://adilet.zan.kz/rus/docs/P030000890 сайтында орналасқан.

Жер телімі жағдайының сапасына, орналасқан жеріне, сумен қамтылуына, қызмет көрсету орталығынан алыс-жақындығына және т.б. байланысты базалық ставкаға түзету коэффициенті қолданылады.

Мысалыға, жер телімі елді мекеннен, инфрақұрылым нысанынан алыстаған сайын, коэффициенті де  төмендейді.

Әрбір жер телімінің жеке-жеке құны бекітіледі.

Жер телімінің қорытынды бағасы аукцион арқылы анықталады.

10. Бір адам қанша жерді сатып ала алады?

Бір әкімшілік ауданның шеңберінде ауылшаруашылық мақсатында жеке меншікке және жалға берілетін жер телімінің ең төменгі шекті көлемі бекітілді. Жер телімінің ең төменгі шекті көлемі туралы ақпаратты adilet.kz. сайтынан алуға болады.

11.    Егер қазақстандықтар аукционда жерді сатып алып,  оны шетелдікке қайта сатуға құқығы бар  ма?

Жоқ, сата алмайды. Бұған заңнамамен тыйым салынған.

12.    Аукциондар мен конкурстар ашық әрі әділ өтеді дегенге күдігіміз бар. Осы бағытта қандай шаралар жүргізілуде?

Сатуды ұйымдастырудың тәртібі заңмен нақты бекітілген, аукцион – азаматтар үшін, конкурс – шетелдіктер үшін жүргізіледі.

Сатуды ұйымдастырудың тетігі жерді бөлуде жемқорлыққа жол бермейді. Өткізілетін аукциондар өз кезеңінде жариялылықты,  әлеуетті сатып алушылардың арасындағы жарыспалықты және ашық бәсекені қамтамасыз етеді.

13.    Еліміздегі шетелдіктердің  жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп  жоқ емес.

Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың  саны әлі өзгере қоймағандығымен   толықтырып өткім келеді. Жыл сайын біздің республикамызға орта есеппен түрлі мақсатта бір миллионнан артық шетелдік азаматтар келеді (тіркеледі). Бұлар туристер, іссапармен келушілер, студенттер, жұмысшылар және т.б. Олардың басы бөлігі  (80-90%) – ТМД елдерінің азаматтары.

Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы саны белгіленеді.  Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да  квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат  берілді. Сонымен, квотаның 50% игерілді.

Осыған байланысты, квота отандық еңбек нарығында көрініс тауып отырған  тапшылықты жоюға,  еңбек нарығына білікті жұмысшыларды тартуды көздейді.  Олардың тек 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.

14.    Қазақстан жерін жалға алушы шетелдік жер пайдаланушы өзінің отандастарын бірлескен жұмысқа тарта ала ма?

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тарту мемлекеттік жылсайынғы квотамен шектелген және тек ғана білікті жұмысшыларға таратылады.  2016 жылы  квота 63 мыңды адамды құрады және қазақстандық жұмысшылар санының 0,7%-нан аспайды. Шетелдіктердің біздің елімізде болу рұқсаттарының жарамдылығы жылдан аспайды, мерзімі өткен кезде олар Қазақстаннан кетеді

Бұдан басқа, шетелдік жұмысшылардың саны осы немесе өзге кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалпы санының 10% - нан аспауы қажет. Бұл норма тек қана жұмыс берушілерге таратылады.

15.    Біздің түсінуімізше, қазақстандықтар үшін жер – сакралды тақырып. Дәл қазір оны жалға беру немесе сату мәселесі басты мәселе емес. Жер – бұл ана. Ана ешқашан сатылмайды және ешкімге жалға берілмейді.

Бәрімізге белгілі, жер-ана байлығымыз, ал еңбек - оның әкесі! Еңбек және жер – байлықтың қайнар көзі. Ел өнімді көбірек өндірген сайын байи түседі. Байлықтың қайнар көзін өндірістен іздеудің  қажеттілігі туындауда. Қазақстан ауқымды ауылшаруашылық ресурстарын ие.  Біздің еліміздің жер қоры 272,5 млн. гектарды құрайды. Бұл біздің баға жетпес ұлттық байлығымыз, өкінішке орай, күні бүгінге дейін осы ұлттық байлығымызды тиімді пайдалана алмай отырмыз. Жылдар бойы жерлеріміз өңделмей, арамшөптер басып, деградацияға ұшырауда. Еңбек ету және жерді өңдеу арқылы жер еліміздің шын мәніндегі  байлығы мен  дәулетіне айналады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жерімізде алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялармен жабдықталған өзіміздің үлкен-үлкен шаруашылықтарымызды өркендетуге барлық жағдайлар жасаймыз

16.    Заңдамалық нормаларды ендіру кезінде қазақстандықтар бұрын жалға алған жерлерінен айырылып қалмайды ма?

Қабылдаған заңнамада бұрын жерді жалға алып пайдаланушылардың  құқығы бұзылмайды.

Жалға алған жерлерін дәл қазір сатып ал деп ешкім күштемейді. Жалға алу мерзімінің аяқталуына дейін еркін пайдалана алады.

Сонымен бірге, жер пайдаланушының бұрын жалға алған жер телімін жеке меншігіне 50% жеңілдікпен сатып алу құқығын береді. Бұдан басқа, аталған сомманы 10 жылға ұзартылған мерзіммен рәсімдеп, төлеуге болады.

(2015 жылдың 2 қарашасындағы ҚР Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,  Жер кодексінің 171 - бабы).

17.    Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?

Біріншіден, ақпараттар легінен хабардар болып, хабарландыруларды қадағалап отыру қажет. Әкімдіктер аукционның өтуі туралы хабарландыруларды аукцион өткізілетін күннен күнтізбелік  он бес күн бұрын  кешіктірмей жариялайды. Аукционға сатылуға қойылған жер телімдері туралы хабарландыруларды облыстық мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайттарынан, Элекетрондық үкімет платформасынан табуға болады.

Аукционға қатысу үшін міндетті түрде әкімдікке өтініш беру қажет.

2016 жылдың 1 шілдесінен қазақстан азаматтары үшін 1,7 млн. га ауылшаруашылық жерін аукционға шығару жоспарланып отырғанын ұмытпаңыздар.

18.    Мен – кәсіпкермін. Мен жердің сапасы және оны не үшін пайдалану қажеттігі туралы ақпараттарды қайдан алсам болады?

Аукционды өткізу туралы хабарландыру жер телімі туралы, сондай-ақ, сапалы сипаттамалары мен жерді пайдаланудың мақсаты туралы  мәліметтерді қамтуы қажет.

19.    Қазақстанға ауыл шаруашылығы үшін шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі неде?  Біз өз жерімізді өзімізі игере алмаймыз ба?

Отандық ауыл шаруашылығымыз белсенді дамуда десек те, біздің елімізде әлі де болса  игерілмеген үлкен әлеуеттер бар. Мысалы, Қазақстанда 147 млн. га жайылым бар және  сиыр етін тұтынушы екі ірі елмен шекаралас. Бұл  2014 жылы 4 млрд. АҚШ долларына сиыр етін сатып алған Ресей мен Қытай.   Осындай әлеуетті тұтынушыларға біз бар мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай отырмыз.

Бұған себеп неде? Басты себеп – жоғары өндірістік қаржы шығындармен, өтімділігінің үлкен мерзіммен байланысты ауыл шаруашылықтағы инвестицияның жетіспеушілігі, ауылда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жоқтығы, осы салаға сәйкес мамандардың кетуі.

Өз кезегінде инвестицияның жетіспеушілігі бірінші мынадан көрінеді, саланың төмен техникалық жабдықталуы (ауылшарушалығы техникасы паркінің 80% тозған).

Екіншіден, қаржыландырудың төмендігіне байланысты көптегені шаруалар тыңайтқыштарды қолданбай жердің құнарлы қыртысын бұзады.

Сонымен бірге, қазақтар тарихтан белгілі  білікті малшылар болған және фермерлер бүгінде бұл саланың бұрынғы әлеуетін қалпын келтіруде. Бұған инвестицияны тарту осы бағытты қарқынды дамытуға алып келер еді.

Сондай-ақ ауылшарушалығына келген инвестициялар 2015 жылы 167,0 млрд. теңгені құрады, бұл өнеркәсіпке келген инвестициялардан 23 есе төмен. Сондықтанда шетелдік компанияларды агроөндірісті дамытуға тарту жаңа агротехнологияларды, ауылшаруашылығы техникаларын, дәндік тұқымдарды, тыңайтқыштарды және тағы басқаларды енгізуге мүмкіндік береді.

Біз қазақстандықтар, өзіміздің отандық ауылшараушылық өнімдерін, өз жерімізде өскен: ет, жеміс жидек, көкөністі  пайдаланатын боламыз. Ал шетелдік компаниялар бізге салық төлейтін болады, жұмыс орындарын құратын болады, ауылдың инфрақұрылымн жақсартады, біздің жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға көмектесетін болады. Біз азық- түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге, импортты алмастыруды төмендетуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға тырысуымыз қажет.

Сонымен катар Қазакстанда жерді  химизациялаудың тарихи төмен деңгейінде және жақын маңдағы нарықтың төлем қабілеттілігіне байланысты көрінетін органикалык өнімді өндіру үшін қолайлы шарттар жасалған.

2015 жылдың аяғында біздер органикалық өнімді өндіру туралы заң қабылдадық. Осы заң органикалық өнімнің жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесуге және халықты жоғары деңгейдегі өніммен, ал өндірушіні әділ бағамен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сонымен қатар оның ғаламдық алғышарттары да бар.

Біріншісі, ол халықтың өсімі. Халық санының өсімі туралы болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай тамақ өнімін 60%-дан көп, ал дамушы елдерде қазіргі көлемнен 2 есе көп өндіруді қажет етеді.

Екіншісі, халықаралық ауылшаруашылығының әлеуеті деңгейінің төмендеуінен  тамақ өнімі дефицитке ұшырауы мүмкін.

Сондықтан да, Қазақстан әлемдегі  тамақ өнімінің тұрақтануы мен жақсаруына байланысты маңызды рөл ойнамақ.

Әлемдің тәжірибеде ауыл шаруашылығына бөлінген ақы- пұлдың өтімділігі минимум 10 жылды құрайды. Ал бұл өндірістің әрі қарай дамуына ұзақ жылдар қажет.

Мысалы шетелдіктерге жерді жалға беру Ресейде- 49 жыл, ал Біріккен Араб Әмірлігінде- 99 жылды құрайды. Бұл тегіннен тегін емес.

20. Азаматтық алу мәселесі ( жалған некелер, Қазақстан Республикасының азаматымен некелескен тұлғалардың азаматтық алуы және олардың жер үлесін алуы)

Қазақстан Республикасының азаматтығына: Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының азаматымен некелескен тұлғалар (ең кемі 3 жыл) қабылдана алады.

Аталған норма Қазақстан Республикасыны «Азаматтық туралы» Заңның 16 бабына сәйкес реттелген.

Егер де, шетелдік азамат азаматтық алу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматымен жалған некеге тұратын болса, оның азаматтық алу мәселесі жойылады.

Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты бекітлген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» Заңның 6 тармағы, 21 бабы: «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса».

21. Ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік құқығын енгізу ұзақ мерзімді жалға беруге қарағанда оның нәтижелі қолданылып жатқаны қандай обьективті көрсеткіштермен дәлелденген?

Жеке меншік жері бар адам міндетті түрде өз жеріне жауапкершілікпен қарап, оны қолданады және жері арқылы табыс табады. Алайда, жерді жалға алып, ол үшін мардымсыз ақша төлеген Қазақстан азаматтары ( орташа есеппен 200 тг/га) , жерге қамқорлық тұрғысынан қарамайды.

Ауыл шаруашылығына инвентаризация жүргізу нәтижесінде 2012-2014 ж.ж.) 7,4 млн.га  аумағында 19,2 мың қолданылмаған жер учаскілері бар екендігі анықталған.Сонымен қатар, топырақ құнарлығының деңгейінің төмендегені анықталды.

Сараптама көрсеткендей заңнаманың бұзылуы көбінде жалға берілген жерді пайдалану немесе пайдаланбау кезінде туындайды.Өйткені жерді жалға алушы тұлғаның басты мақсаты -табиғи ресурс ретінде жердің құнарлы бөлігін эксплуатациялау болып тыбылады.

Қазіргі жерді жалға алушылардың біразы жерді адал пайдаланбайды және жерді өңдеу кезінде қазіргі технологиялық мүмкіндіктерді  қарастырмайды.

Осыған орай, Ұлт жоспарының 35–ші қадамында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу қарастырылған.

22. Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұрған шетел азаматы иемденген жердің меншік иесі бола алады ма?

Заңда нақты бөліп көрсетлгендей: Ауыл шаруашылық жерлерге  жеке меншің құқығы Қазақстан Республикасының азаматына ғана беріледі, ал жалға алу құқығы – шетел азаматына беріледі.

Сондықтан некелік қатынастар жерге қатысты құқықтарға ықпал етпейді.

Қазақстандық ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда (зайыбының),  жекеменшігінде жер бөлігі қалады, ал, шет елдік азаматта - жалға алумен шектеледі.

Егер жерді шет елдік қаржыға қатысы барлар жерді меншікке алғаннан кейін біріккен-- сатып алушы компаниялардың  үлесі 50 пайызға дейін өсе ме?, егер ол жер кепіл ретінде шет елдік банкте тұрса?
23. Ауылшаруашылығына қатысушылардың болашақ тағдыры қалай болмақ: а) егер кейін олардың меншігіне сатып алуға қатысуы шетелдік капиталдың, бірлескен компанияларда-сатып алушылар дейін кеңейтіледі үлесін 50 пайыз; б) егер олар фигурировать кепіл ретінде шетелдік банк?
Жер кодексінің 24 бабына сәйкес заңды тұлғалардың  жарғылық капиталында  шетелдіктер үлесі  50 пайыздан  астам болса, онда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тек  25 жылға жалға алуға мүмкіндігі бар.

Егер,  заңды тұлғаның шет елдік қорына қатысуы (үлесі) ұлғайған жағдайда, Жер Кодексінің 66 бабына сәйкес жер учаскесі шеттетіліп, немесе жалға алу құқығы үш ай мерзім ішінде қайта рәсімделуі тиіс.

Егер көрсетілген эаңды талаптар орындалмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жер учаскесінің орналасқан жері бойынша сот органдарына  жер телімін мемлекет меншігіне өткізу жөніндегі шағымын жібереді.

Егер, қазақстандық жер телімі шет елдік банкке кепілдікке қойылған жағдайда, шет елдік банк жерді меншігіне алуға құқылы емес.
Анықтама:  Жер кодексінің 24 бабына сәйкес  (  2016 жылдың  1 шілдесінен  бастап енгізілген өзгеріске сәйкес), шетелдік тұлғалар ауылшаруашылығына қатысты жерлерді 25 жылға жалға алып, тек қана уақытша қолдануға құқылы.

Мұндай жағдайда да Жер кодексінің 66 бабының 1 тармағына сәйкес шет елдік тұлға үш ай ішінде жерді иеліктен шығаруға талаптанып немесе жер құқығын қайта рәсімдеу керек. Бұл талдаптар орындалмаған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық деңгейдегі қалалар жерді орналасқан аумағына байланысты қайтарып алуға шағым түсіре алады.

ЫҚТИМАЛ СҰРАҚТАР

1. «Байқоңыр кешенін пайдаланғандары үшін жалға алу құны соншалықты арзан?

1994 жылғы 10 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі  арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу жөніндегі  келісім шартқа сәйкес  «Байқоңыр» кешенін жалға алу құны 115 млн. АҚШ долларын құрайды.

Алайда, «Байқоңыр» кешенін жалға алу келісім-шартының  басқа  классикалық келісім-шарттардан өзгешелігі  «Байқоңыр» кешенін жалға алудан басқа да оны күрделі жөндеуден өткізу,қайта өңдеу мен  ағымдағы қосымша шығындармен қатар Байқоңыр қаласының тіршілігін қаржыландыру да көзделген болатын.

Осыған орай Ресей Федерациясы жалға алу төлемінен басқа «Байқоңыр» кешені мен Байқоңыр қаласын ұстап тұруға, оның дамуына жыл сайын  6 млрд рубль (92 млн АҚШ доллар) жұмсайды.

Сол себепті, Ресей Федерациясы жалға алу құнын үшін жыл сайын 200 млн АҚШ долларын жұмсайды. 2. «Байқоңыр» кешенін жалға беру шеңбері аясында Ресейге берілген жердің аумағы қанша?

1994 жылдың 10 желтоқсанындаағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу келісім-шарты бойынша ресей жағының жалға алған жер аумағы 4 млн. 805 мың. 978 га құрайды. Оның ішінде зымыран тасығыш бөліктердің құлау аумағы -4 млн. 136 мың га. «Байқоңыр» кешені алып жатқан  669 мың 978  га жердің 11,6 мың га Төретам мен Ақай ауылдарының     әлеуметтік-экоомикалық дамуына бөлінген. Ал,  зымыран тасығыш бөліктердің құлау аумағына бөлінген 4 млн. 136 мың га жердің 2 млн. 224 мың. 100 га немесе 53,7 пайызын жалға алушылар қолданбайды.

Қолданысқа ие емес жер аумақтары малшаруашылығы жаылымы үшін пайдаланылуы мүмкі

II. ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

17. Еліміздегі шетелдіктердің  жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп  жоқ емес.

Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың  саны әлі өзгере қоймағандығымен   түсіндіргім келеді. Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни Үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы саны белгіленеді.  Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да  квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат  берілді, сондықтан квотаның жартысы ғана игерілді.

Осыған байланысты, квота негізінен білікті жұмысшыларды тартуды көздейді.  Олардың 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.

(2016 жылдың 6 сәуіріндегі ҚР Еңбекпен қамту туралы заңы)

18. Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?

Біріншіден, аудандық әкімдіктер аукционның өтуі туралы хабарландыруларды аукцион өткізілетін күннен күнтізбелік  он бес күн бұрын  кешіктірмей жариялайды. Аукционға сатылуға қойылған жер телімдері туралы мәліметтерді қамтыған хабарландыруларды облыстық мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайттарынан, Электрондық үкімет платформасынан табуға болады.

Екіншіден, аукционға қатысу үшін міндетті түрде әкімдікке өтініш беру қажет.

III. ЖЕР КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЕНГІЗІЛІМІ

Жерді ауыл шаруашылығы мақсатында тиімді әрі ұтымды пайдалану үшін , ауылшаруашылық жерлерді нарықтық бағыттағы айналымға енгізу шаралары қолданылды.

Нарықтық айналымдағы  жерлерді белсенді ынталандыру мақсатында жер қорының экономикалық көрсеткіштерін көтеру үшін 2015 жылдың 2 қарашасындағы ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізілді.

Бірінші. Жер телімдерін  аукционның жаңа механизмдері  арқылы беруді енгізу.

Жер учаскелері ҚР жеке және заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері жеке меншік құқығымен аукцион арқылы мына ретпен беріледі.

Бірінші кезекте – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы.

Егер екі аукционның қорытындылары бойынша учаске сатылмаса, онда ол учаскенің бағасын кадастрлық құнының белгіленген ең төменгі шегіне (кадастрлық құнының 50 %) дейін төмендетуді көздейтін аукционға қойылатын болады.

 

Екінші. Жалға берілген жер телімдерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну.

Бұл норма ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының көзқарасын  ескере отырып, жерді уақытша пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жер үлесін жеке меншігіне 10 жылға бөліп төлеуге оның кадастрлық (бағалау) құнынан 50% мөлшеріндегі жеңілдікті бағамен сатып алу құқығына ие болады.

 

Сонымен қатар, ауылшаруашылық өндіріс үшін ұсынылған жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыру процедурасын оңтайландыру мақсатында, сонымен қатар иегерінің ұйымдастыру-құқықтық формасын өзгерткен жағдайда, ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты нысандарды салу кезінде телім мәртебесі болуы қажеттілігінің күшін жою ұсынылады.

Үшінші. Жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау.

Ұсынылып отырған норма жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік береді.

Төртінші. Ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау.

Жер Кодексінің жаңа өзгерістеріне сәйкес ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады.

 

IV. АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ АКЦЕНТТЕРІ

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері шетелдік азаматтарға сатылмайды. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет сату механизмдерінің ашық түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді, әрі арзанқол бағамен берілуіне жол бермейді.

 

Жер кодексінің 48 және 48-1 баптары

Жер реформасы әлеуметтік және экономикалық пайда әкеледі (ауылдық жерлерде жұмыс орындары, еңбек өнімділігінің артуы, а/ өнімдерінің өсімі, жаңа технологиялардың келуі ).

- Қазақстандық азаматтар, аграрлықтар жер реформасына дайын,  оның іске асырылуына атсалысады және оны қолдайды.

-Жер реформасы әлемнің озық тәжірибесіне және аграрлық сектордың жаңаша тәжірибесіне негізделген.

-Жер реформасын жүзеге асыруда жерді қадағалау , суландыру, зиянды химикаттарды пайдаланбау  және шетелдіктердің мекендеуін болдырмау жайттары т.б. үнемі бақылауда болады.

-       Нормативтік актілерге сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерінің бүлінуін болдырмау,жер реформасын іске асыруда жемқорлыққа жол бермеу және де көші-қон заңдылықтарының бұзылуына жол берілмейді.

Жер кодексінің 92,93,99 баптары мен 137,338 баптары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы № 268 бұйрығы

IV. Халықаралық тәжірибе. Оңтайлы мысалдар

Талдау барысы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жеке меншікке беру, негізінен еуропа елдерінде енгізіліп отырғандығын көрсетті.

Польша, Венгрия, Румыния және Болгария тәрізді шығыс-еуропа елдерінде жеке меншікке иелену құқы 3-5 жылға дейін сату құқына тыйым сала отырып енгізілген.

Десек те, шет елдердің тәжірибесі жер меншігінің мемлекеттік және жеке  формаларының түрлі нұсқаларын жоққа шығармайды, мұндай  альтернатива өзінің қисындылығын дәлелдейді.

Мемлекет, жерге жеген жекеменшік иелікті қолдай және қорғай отырып, оны пайдалану және тұтынуды бақылау қызметін өзіне алады.

Жерге меншік туралы сұраққа осы тұрғыдан келу, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өте ұқыпты және қоғам мен экономиканы тұтастай алғанда игілікті болып келіп, сол арқылы жерді тұрақты айналымға түсіруді қамтамасыз етеді.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің жеке және мемлекеттік меншігін теңқұқылы дамыту   Бельгия, Швеция, Россия, Италияда бар.

Бельгияда жалға беру қатынасын реттеу жер телімдерін ұтымсыз және мақсатсыз пайдалануды, жер иелігіндегі алпауыттарды болдырмау мақсатында  мемлекет арқылы жүзеге асырылады. Сол арқылы, жер қатынасындағы аграрлық сектордың заттық құқының басым формасы жеке меншік болып табылады.    Швецияның жерінің 43%-ы немесе 19 млн. га жеке меншікте, ал қалған жерлер жерпайдалануда.

Италияда жерлер пайдаланылып, айналымда болуы үшін фермер  шаруашылықты тиісті дәрежеде жүргізбесе (жердің құнарлылығын сақтау мен мақсатты тағайындамаданы қоса алғанда) тиімді қолданушыларға жер телімін мәжбүрлі тәртіпте жалға бергізу (сату) қолданылады. Түрлі санаттағы жерді мақсатты пайдаланудың қатал шарттары енгізілген, оның ішінде территорияны зоналауды есепке ала отырып анықталатын, жерпайдаланудың белгіленген ережелерін бұзғаны үшін экологиялық сипаттағы санкциялар бар.

Мәселен, Ресейдегі шетелдіктерге жалға беру мерзімі 49 жылды, ал БАӘ – 99 жылды құрайды.

 

V.  ӘКІМШІЛІК АУДАНДАРДЫҢ БІРІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІНІҢ ШЕКТІ МӨЛШЕРІ (ЕҢ ЖОҒАРҒЫ)

Бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

№ 1071 22 қазан 2003 жыл  қаулысымен

Әкімшілік аудандардың (қала) бірінде ауыл шаруашылық белгілеген жер телімдерінің шекті мөлшерін (ең жоғарғы) Қазақстан Республикасының азаматы шаруа қожағылын (фермерлік), мемлекеттік емес Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және үлестес тұлға ауыл шаруашылығы өндірген тауарды, сонымен қатар шетелдіктердің жерін уақытша пайдалануға, азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы өндірген тауарларды жүргізу құқығына ие.

(гектар)

--------------------------------------------------------------------
Ақмола облысы
Ақкөл         9400         47000          8000          16500
Аршалы        2500         40000          5500          11000
Астрахан      7200    40   41000    200   7300    50    21000   100
Атбасар       3000    30   51000    900   1000    10    45000   150
Бұланды       4400   400   44600   4400   2200   200    11000  2200
Егіндікөл     5000         51800          2500          12900
Енбекшілдер   4500  1400   45600  19000   2700   900    13700  4300
Ерейментау    8400         83000          8400          50200
Есіл          7500         42000          5500          20000
Жақсын        4000         44000          4000          40000
Жарқайың      1200         50000         12000          12000
Зеренді       6400         64200          1900          19200
Коргальжын    3200         40000          6500          16400
Сандықтау     5500   100   35000    500   5500   100    13500   500
Целиноград    7500         40000          1500           4500
Шортанды      1000         35000          1000           4400
Щучинск       4500     6   35000     80   3500    20    11400    40
Көкшетау қ.    500          3000
Степногорск қ. 2500         12900          1900           3900
--------------------------------------------------------------------
Ақтөбе облысы

Әйтекеби       15000   150  150000    500   1000    5     20000   300
Алғын          7000   150   60000    500   1000    5     10000   300
Байғанын     25000   150  150000    500   2500    5     20000   300
Ырғыз        25000   150  150000    500   2500    5     20000   300
Қарғалы      5000    150   60000    500   1000    5     10000   300
Қобда        10000   150   70000    500   1000    5     10000   300
Мартөк       5000    150   60000    500   1000    5     10000   300
Мұғалжар     15000   150  100000    500   2500    5     10000   300
Темір        15000   150  100000    500   2500    5     20000   300
Ойыл         15000   150  100000    500   2500    5     20000   300
Хромтау       8000   150   60000    500   1000    5     10000   300
Шалқар       25000   150  150000    500   2500    5     20000   300
Актөбе қ.     4000   150   20000    500   1000    5      5000   300
-------------------------------------------------------------------
Алматы облысы
Ақсу          9400    90   94000   1100   4700   45     47000   450
Алакөл        6100   100   61000    700   3050   50     30500   500
Балхаш        4700   100   47000   2500   2350   50     23500   500
Жамбыл        8600    60   86000    900   4300   30     43000   300
Іле           2850    80   28500    800   1425   40     14250   400
Қарасай        800    70    8000    700    400   35      4000   350
Қаратал       4500   150   45000   3000    225   75     22500   750
Ескелді       5000   120   55000   3000    500   60      5500   600
Еңбекші-
қазақ         2900   250   29000   2500   1450  125     14500  1250
Кербұлақ     11000    40   49000    400   2450   20     24500   200
Көксу         4700    80   47000   1100    235   40      2350   400
Панфилов      4700   150   47000   1500   2350   75     23500   750
Райымбек      3700    80   37000    900   1850   40     18500   400
Сарканд       5600   135   56000   1100   2800   67     28000   675
Талғар        2100    85   21000   3100   1050   42     10500   425
Ұйғыр         1300    70   13000    700    650   35      6500   350
Қапшағай қ.    700    40    7000    600    350   20      3500   200
Талдыкорган қ. 600    40    6000    250    300   20      3000   200
Текелі қ.      226    30     300    100    100   15      1000   150
--------------------------------------------------------------------
Атырау облысы
Індір         5000    50   50000    100    300   10       500    10
Исатай       12000    10   61000     15   6000    5      2000    10
Жылыойық     15000         20000          1000           5000
Кызылқоған    2000     1   12000      5    400           1000     1
Кұрманғазы    5400    50  100000    210  18200   30      5000   100
Мақат         1000          2000
Махамбет      1500    30   20000   1000    100   10       100    10
Атырау  қ.     500    10    5000     30   1000    5      2000    10
--------------------------------------------------------------------
Шығыс Қазақстан

облысы
Абай          7800     -  110000      -   6240    -     88000    -
Аягөз         8000   100  130000    560   6450   80    104000  450
Бесқарағай    2250   170   20000   1710   1360  140     16000 1370
Бородулиха    2000   100   20000    310   1630   80     16000  250
Глубоков      2000   100   14000    310   1080   80     11200  250
Жарма         5300   160   54000   1580   4280  130     43200 1270
Зайсан        3000   200   27000   2850   2400  160     21600 2280
Зырянов       3150    50   21000     60   2100   40     16800   50
Қатон-
Карағай       3100   100   21000    410   1660   80     16800  330
Көкпекті      3150   160   21000   1620   1680  130     16800 1300
Күрчім        6800   200   61000   2000   5440  160     48800 1600
Тарбағатай    3600   200   36000   2880   2880  160     28800 2300
Ұлан          4000   100   40000   1110   3240   80     32000  890
Үржар         1800   200   18000   4320   1440  160     14400 3460
Шемонаиха     1980   100   13000    210   1320   80     10400  170
Ридер қ.      3000    50   25000    100   2460   40     20000   80
Семей қ.      9300   180   93000   1840   7440  140     74400 1470
Өскемен қ.    2300    60   18000    130   1840   50     14400  100
--------------------------------------------------------------------
Жамбыл облысы

Байзак        2000   200   20000   1500   1000  100     10000  700
Жамбыл        3000   200   27000   1000   1500  100     13000  800
Жуалы         3000    40   26000    400   1500   20     13000  200
Қордай        8000   200   77000   2000   4000  100     38000 1000
Меркі         2000   100   23000    900   1000   50     11000  400
Мойынкұм     16000    40  160000    400   8000   20     80000  200
Сарысу       15000   200  152000    200   7500  100     76000  100
Талас         6000   100   55000    600   3000   50     27000  300
Т. Рыскұлов   8000    30   84000    300   4000   15     82000  100
Шу            9000   200   92000   1500   4500  100     46000  700
--------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан

облысы
Ақжайық      24000   200  240000    350  12000   20    120000  200
Бөкейордасы   9000    50   89000    100   4500    -     45000   -
Бөрлі         5000   200   51000    500   3000   25     30000  250
Жанғалы      14000    40  136000    100   7000    5     70000   50
Жәнібек       8000   100   80000    200   4000   10     40000  100
Зеленов       7000  1000   67000   2000   3500  100     35000 1000
Казталов     18000    50  178000    100   9000    5     90000   50
Қаратөбе     10000    -    96000     -    5000    -     50000   -
Сырым        11000    50  112000    100   6000    5     60000   50
Тасқала       8000    10   79000     -    4000    -     40000   -
Теректі       7000   700   75000   1400   4000   70     40000  700
Шыңғырлау     7000    50   69000    100   3500    5     35000   50
Орал қ.        500   300    5000    600    300   30      3000  300
--------------------------------------------------------------------
Қызылорда

облысы

Арал         15000  1000   15000   2000   2000  200     15000 1000
Қазалы       15000  1000  100000   5000   2000  200     15000 1000
Қармақшы     10000  1000  100000   5000   2000  200     10000 1000
Жалағаш      10000  1000  100000   5000   2000  200     10000 1000
Сырдария     10000  1000  100000   5000   2000  200     10000 1000
Шиелі         8000  1000   50000   5000   1000  200      8000 1000
Жаңақорған    8000  1000   50000   5000   1000  200      8000 1000
Қызылорда қ.  3000  1000   15000   3000    500  100      3000 1000
--------------------------------------------------------------------
Қарағанды облысы
Абай          3000   100   10000    700   3000  100      5000  300
Ақтоғай      11000   100   80000    300  11000  100     22000  300
Бұқар-
Жырау         6500   500   30500   2000   6500  200     10000  200
Жаңаарқа      5000    50   35000    100   5000   50     10000   50
Қарқаралы    10000  1000   60000   2000  10000  500     18000  800
Нұрын         8000   500   90000   1000   8000   50     10000  200
Осакаров      5000   100   40000    300   5000   20     10000   50
Ұлытау       15000   300   95000         15000          30000
Шет          10000    80   40000    140   5000          25000
Балхаш қ.       30          2000            30             60
Жезқазған қ.  2000         15000          2000           5000
Қарағанды қ.    75           150           7,5             15
Қаражал қ.    2000         15000          2000          10000
Сарань  қ.      65           650            30            100
Сәтбаев қ.    2000         15000           500           1500
Шахты   қ.      70    14     700    140     35    7       350   70
--------------------------------------------------------------------
Қостанай  облысы

Алтынсарин    4000     -   35000     -    1000    -     10000    -
Амангелді     5000     -  100000     -    1000    -     10000    -
Әулиекөл      3500     -   50000     -    1000    -     10000    -
Денисов       2000    300  40000   1000   1000   150    10000   150
Жангелді      5000     -  150000     -    1000    -     10000    -
Жітіқара      5000   1000  45000   3000   1000   100     5000   500
Қамысты       5000    200  55000   1000   1000   100     5000   300
Қарабалық     3000     16  35000     -    2500    -     10000    -
Қарасу        6000     -   90000     -    1000    -     10000    -
Қостанай      8000    600  35000   2000   1000   100    10000   300
Меңдіқара     2500     15  35000    400   1000    15    15000   100
Наурызым      2500      5  35000     10   1000    -      5000    -
Сарыкөл       5000    100  50000   1000   1000    -     10000    -
Таранов       3000     20  35000    250   1000    5     10000   50
Ұзынкөл       6000    100  45000   1000   1000    -     10000    -
Федеров       5000     -   50000     -    2500    -     10000    -
Қостанай  қ.  2800    150   5400    100    250    -       500    -
Арқалық  қ.   3000     20  35000    200   1000   10     10000  100
--------------------------------------------------------------------
Маңғыстау облысы
Маңғыстау     4000     20 100000     20   3000   20      5000   20
Бейнеу        4000     20 100000     20   3000   20      5000   20
Түпқараған    4000     20 100000     20   3000   20      5000   20
Қарақиян      4000     20 100000     20   3000   20      5000   20
Ақтау   қ.      -      20   -        20     -    20        -    20
Жаңаөзен қ.     -      20   -        20     -    20        -    20
--------------------------------------------------------------------
Павлодар облысы
Ақтоғай       9100    100  15000    500   9100  100     15000  500
Баянауыл     16900    100   2000    500  16900  100     20000  500
Железин       6700     50  10000    300   6700   50     10000  300
Ертіс         9000     50  15000    350   9000   50     15000  350
Качир         6000    100  10000    500   6000  100     10000  500
Лебяжин       6000    100  10000    500   6000  100     10000  500
Май          16400    100  20000    500  16400  100     20000  500
Павлодар      5400    100  15000    500   5400  100     15000  500
Өспен         6500    100  15000    500   6500  100     15000  500
Щербактин     5600     50  10000    300   5600   50     10000  300
Екібастұз қ. 17600    100  20000    500  17600  100     20000  500
Ақсу қ.       7000    100  10000    500   7000  100     10000  500
--------------------------------------------------------------------
Солтүстік Қазақстан

облысы
Айыртау       900         30000           500          10000
Ақжар         9000         36000          3600          18000
Аққайың       2000         22000           700           1500
Ғ. Мүсірепов

ат.           1000         30000          1000          10000
Есіл          1500         15000          1000           2000
Жамбыл         500         10000           100             -
Қызылжар      3000   150   26000    250   1000           3000
М.Жұмабаев ат.5800         58000          5800           5000
Мамлют        2000         19000          2000          10000
Тайыншы       3000         35000          1000          10000
Тимирязев    20000         40000          5000          15000
Уәлиханов     2500         26000          1000          10000
Шалақын ат.   2500         20000          1000          10000
--------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан

облысы
Байдібек      1100    20   20000    300   1100     20    5000   40
Қазығұрт       800    50   10500    350    500     20    1000   40
Мақтаарал      250    30     300     30    150     15      5     1
Ордабасы      1500   100   15000   1500    500     50    1500  200
Отырар        1500    40    3000     50    500     25    3000   50
Сайрам         300    20    1000    200    150     10     500   50
Сарыағаш      1000    70   30000   1000    500     25    7000   50
Созақ         2900    10   86000    200   1400      2   14400    5
Төлеби          35     5    6750    500      3    0,5     345   75
Түлкібас        50     5    2500    300      5    0,5     100    2
Шардара         60    10     300     50     60     10     300   50
Арыс қ.       1100    20   20000    300   1100     20    5000   40
Кентау қ.       200    10    1000    100    100      5     500   50
Түркістан қ.  2000    50   10000    500    500     20    2000   50
Шымкент  қ.     50     2    2000    100     20      1     100    4
--------------------------------------------------------------------

 

VI. ИНФОГРАФИКА


Облыс аудандары

Шетелдік жеке тұлғалар, га

Шетелдік заңды тұлғалар, га

ОҚО (Түлкібас ауданы)

5

100

СҚО (Аққайың ауданы)

700

1500

Атырау облысы (Індір аудан)

300

500

Алматы облысы (Көксу ауданы)

235

2350

Ақмола облысы (Целиноград ауданы)

1500

4500

 

Аудан атаулары

Облыс аумағы, млн. га

Шетелдік жер пайдаланушыларға жалға берілетін ауыл шаруашылық жерлер, мың га

Ақмола

14621,9

9,0

Алматы

30062,9

2,0

Ақтөбе

22356,0

29,8

Атырау

11863,1

-

ШҚО

28322,6

0,3

Жамбыл

14426,4

13,5

БҚО

15133,9

8,2

Қарағанды

42798,2

0,03

Қызылорда

22601,9

-

Қостанай

19600,1

1,6

Маңғыстау

16564,2

-

Павлодар

12475,5

-

СҚО

9799,3

-

ОҚО

11724,9

0,8

Алматы қ.

68,3

0,05

Астана қ.

71,0

0,06

Барлығы

272490,2

65,3

Мемлекеттік мүлік

аудан, га

Ресей Федерациясы

10236

Бірлескен кәсіпорындар

44942

Кипр

7959

Америка Құрама Штаттары

432

Германия Федеративті Республикасы

294

Қытай халық республикасы

282

БАӘ

859

Польша

45

Түркия

7

Беларус Республикасы

0,4

Украина

0,4

Австралия

0,2

Израиль

0,1

Иран

0,1

Армения Республикасы

0,4

Өзбекстан республикасы

0,2

Оңтүстік-Африка Республикасы (ОАР)

0,2

Молдова Республикасы

0,1

Бразилия Федеративті Республикасы

0,1

Латвия Республикасы

0,1

Барлығы

65058

 

Бірлескен кәсіпорындар

аудан, га

Ақтөбе облысы

«Көктас-Ақтөбе» АҚ Қазақстан-Германия

2766,5

«Лад» ЖШС Қазақстан-Ресей

1,6

«Молочные истории» ЖШС Қазақстан-Қырғыз

27000

«Монтаждау және құрылыс» ЖШС Қазақстан-Қытай

0,4

Жамбыл облысы

«SMART AGRO KARKARA» ЖШС Қазақстан-Малазия

11083,8

«KAZ-ir Agro» ЖШС Қазақстан-Малазия

2482

Алматы

«Ақсұңқар-Аль-Сакр» ЖШС Қазақстан-БАӘ

1000

«Монтажник» ЖШС Қазақстан-Корея

331,9

«Руби РОЗаГрикол» ЖШС Қазақстан-Ливан

231,8

«Азиягрупп» ЖШС Қазақстан-Германия

44

Барлығы

44942

0
0
4285

Осы тақырып бойынша