Жетісу аудандық сотында А.Баймухамбетова «сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты семинар өткізді.
2021 жылы 18 қаңтар күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында соттың жетекші маманы А.Баймухамбетова «сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты семинар өткізді.
Семинар барысында А.Баймухамбетова сот мамандарына: «Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтып, азаматтар мен жалпы қоғамның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін заңға қарсы әрекеттерден қорғау деңгейін көтеруге жол береді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады», - деп жеткізді.
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты
