Жетісу облысында мемлекеттік қызмет бағытындағы бірқатар сұрақ талқыланды
07.04.2022ж. Департамент басшысының орынбасары А.С. Мейірханова төрағалығымен облысымыздың жергілікті атқарушы, жергілікті өкілетті органдарының мемлекеттік қызметтегі кадр мәселелерін талқылау және түсіндіру мақсатында ZOOM платформасы арқылы вебинар-жиналыс өткізілді.
Іс-шараға аудан/қала әкімдіктерінің, аппарат маслихаттарының, басқармалардың өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы С.Б. Тараков мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы соңғы өзгерістер, кадрлық іріктеудегі орын алып отырған жаңалықтардан хабардар етті.
Соңында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филил директоры Б.Н. Злобин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау ережелерін түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті.
